Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

24 шілдеге арналған әлемдік таңғы жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына саясат, экономика және өзге де салаларда түскен маңызды жаңалықтарға шолу жасады

АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциясына ЕО жауап дайындауда

Еурокомиссия башысы Жан-Клод Юнкер ЕО ескеруінсіз АҚШ Ресейге қарсы санкция салатын болса Еуроодақтың ықтималды жауабын дайындауға шақырды.

26 шілде, сәрсенбіге жоспарланған ЕК отырысына дайындалған құжат газет редакцисына түскен. Құжат бірнеше жауапты меңзейді. Оның ішінде АҚШ президенті Дональд Трамптан санкцияның Еуроодақ мүддесіне кесірін тигізбейтіні туралы немесе еуропалықтардың мүддесін бұзбайтын американдық санкциялардың ЕО төңірегінде әсер етпейтінін мойындау туралы растама алу керектігі жөнінде айтылады.

Юнкер АҚШ Конгрессінде талқыланып жатқан санкциялардың соққысына еуропалық энергетикалық және өзге де компаниялар ұшырамауы үшін Брюссельдің әрекеті қандай болатынын міндетті түрде қарауға шақырады.

Сол сияқты құжатта Брюссельдің «басты назары» АҚШ әкімшілігінен жаңа санкциялар Еуроодақ мүддесіне қайшы келмейтіндей қолданылатынына «ресми немесе жазбаша мәлімдеме» талап етуге бағытталғаны айтылады.


АҚШ-та тұрақта тұрған жүк көлігінен 8 мәйіт табылды

Техас штаты, американдық Сан-Антонио қаласындағы Walmart супермаркетінің тұрағындағы автокөліктен сегіз адамның, оның ішінде екі баланың мәйіті табылды.

Аталғандай, жетек арбада 38 адам болған. Олардың ішінде қатты шөлден ауыр халге түскен 20-сы ауруханаға жеткізілді. Кейін тоғызыншы адам ауруханада көз жұмды.

Сан-Антонио полициясы хабарлағандай, жүк көлігіндегі адамдардың бірі Walmart қызметкеріне келіп, су сұраған. Супермаркет өкілі келген адамға су беріп, бірден полицияға хабарлаған.

Полиция оқиға орнына келгенде сегіз адамның мәйітін анықтаған деп түсіндіреді полиция басшысы Уильям Макманус. Құқыққорғаушылар оқиғаны адам саудасымен байланыстырады.

Өрт сөндіру қызметінің өкілі Чарльз Худтың айтуынша, көлікте кондиционер жұмыс істемеген. Температура 37 градусты көрсетіп тұрған, мұнымен қоса су да болмаған. Дәрігерлер ауруханаға түскендерден жылу соққысы мен қатты шөлді белгілеген.

Қазіргі уақытта полициямен ұсталған көлік жүргізушісінің есімі айтылмай отыр.


Сирияда көлік жарылысынан ондаған адам қаза тапты

Сирияның солтүстік-батысында орналасқан Идлиб қаласында қару жарақ тұрған көлік жарылып, нәтижесінде жауынгерлермен бірге 50 адам қаза тапты.

Аталғандай, көлік террористік Джебхат ан-Нусра ұйымына тиесілі болған.

Араб БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, жуықтағы Ахрар аш-Шаммен болған қантөгіс ұрыстан кейін Идлиб қаласы Джебхат ан-Нусраның (Қазақстанда тыйым салынған) қарамағына өткен.


Уильям және Гарри ханзадалар аналарын естеріне алды

Ханшайым Диана туралы документалды фильмнің түсіріліміне оның екі ұлы – Уильям және Гарри ханзадалар қатысты. Олар аналарымен қарым қатынастары және ең елеулі сәттер туралы алғаш рет айтып отыр, дейді People.

- Бұл менің өмірімдегі ең елеулі сәт. Енді ол туралы ешқашан жария ете қоймаспыз, - дейді Уильям.

Өз кезегінде ханзада Гарри күн сайын анасының жанында болғанын армандайтынын айтады. «Ол бізді бургерге апаратын. Тығылып киноға баратынбыз, музыка тыңдай отырып төбесі ашық көлікпен қыдыратынбыз. Міне ол осындай ана болды», - дейді ол.

Уильям анасының Кенсингтон сарайына үш супермодельдерді шақырғанын еске алады. «Мектептен қайтып оралғаннан кейін, баспалдақта Синди Кроуфорд, Наоми Кэмпбелл және Кристи Тарлингтонның тұрғынын көрдім. Олардың суреттері бөлмемдегі қабырғада ілініп тұратын. Ұялғанымнан не айтарымды білмедім және тіпті, табалдырықтан құлап кете жаздадым», - дейді ханзада.


Шри-Ланкада теңізге кеткен екі піл құтқарылды

Шри-Ланка ӘТК он екі сағаттық операция жүргізіп, теңізге кеткен екі пілдің балаларын құтқарып қалды.

Аталғандай, жануарлар жағадан бір шақырым жерден байқалған. Болжам бойынша, пілдер Коккилай лагунасынан өтіп бара жатқанда теңіз шайып кеткен.

Операция барысында сүңгуірлер пілдерді жіппен байлап, кейін олар жағаға шығарылды. Олардың денсаулықтарына еш қатер төніп тұрған жоқ.



Следующая →