Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Эмомали Рахмон исламның мәні хиджап киіп, сақал өсіру емес екендігін, сенімді жүрекпен қабылдап, жанмен қабылдау керектігін айтты
Тәжікстан президенті діннің сыртқы белгілерін ғана қасаң ұстануды доғару керектігін жеткізді. Халық салт-дәстүрін ұстануды реттеу заңының қабылданғанына 10 жыл толуына байланысты тәжік елінің басшысы ұлттық әдет-ғұрыпты сақтау керектігін ескертті.
Президенттің ойынша, соңғы жылдары Орта Азия мәдениетіне жат діни формаларды уағыздау жиілеп кеткен.
- Біздің кейбір қарындастарымыз бен бауырларымыз дінді тек киім киюмен, сақал қоюмен ғана өлшейді. Қап-қара киініп, қапталдай сақал өсіріп жүреді. Жаратушы сенің киімің мен сақалыңа қарап сауап бермейді, ішкі жан дүниеңнің тазалығы мен құлшылығына қарап назар аударады, - деді Эмомали Рахмон.
Тәжік басшысы шенеуніктерді аталмыш дәстүрге жат ағыммен күресуді тапсырды.