11 шілдеге арналған әлемдік таңғы жаңалықтар реті
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Еуропарламент Brexit бойынша келіссөздерге вето қоюы мүмкін
Егер Лондон ЕО азаматтары Біріккен Корольдікте қалатын жағдайларды жақсартпайтын болса, Еуропарламент Ұлыбританияның Еуродақтан шығу туралы келіссөзіне вето қоюы мүмкін. Бұл туралы дүйсенбі күні dpa агенттігі Еуропарламент жариялаған жаңалыққа сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ұлыбританияның одақтан шығу туралы келіссөзіндегі ЕО делегациясының басшысына Еуропарламенттің үйлестіруші тобының мүшелерімен жазылған құжатта Лондонның маусым айында жасаған ұсыныстарымен еуропарламентариидің келіспейтіні айтылады. Ол кезде ел премьер-министрі Тереза Мэй Ұлыбритания тек Еуроодақ мүшелігінен бас тартқан кезде ғана Біріккен Корольдікте тұратын ЕО елдерінің 3,2 млн азаматтарына сол елде қалуға рұқсат ететін арыз қабылдауға мүмкіндік беретінін айтқан.
НАТО Ресеймен диалогты көздейді
НАТО Ресеймен диалогты жалғастыра берудің маңыздылығын ескерелі. Бұл туралы Альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдейді.
НАТО-ның Мәскеумен қарым-қатынасын «екіжақты амал» деп атаймыз. Ең алдымен бұл сенімге лайықты ұжымдық қорғаныс, алайда бір жағынан саяси диалог, себебі Ресей – ешқайда кетіп қалмайтын көршіміз. Сондықтан өсіп бара жатқан шиеленіс кезінде Ресеймен сөйлесу өте маңызды, - дейді ол.
2017 жылдың қыркүйегінде өтетін ресейлік-белорусстік дайындықтарды айта келе, НАТО бас хатшысы кез-келген елдің қарулы күштерін дайындау керек деген құқығын ескере отырып, Альянстың оларды бақылайтынын айтып өтті.
Сот Британияға Эр-Риядқа қару сатуға рұқсат етті
Лондонның Жоғарғы соты Йемендегі хусит-көтерілісшілерінің нүктелеріне әуе соққыларын жүргізіп жатқан Сауд Арабиясына Британия үкіметінің қару сату әрекетін заңды деп мойындады. Эр-Риядқа қару сатуды заңға қайшы деген британ қару саудасына қарсы кампания белсенділері сотқа шағымданған болатын.
Белсенділер Сауд Арабиясының Йеменде белсенді әскери әрекеттер жүргізіп жатқанына, Эр-Рияд басқарған коалицияның әуе соққысы барысында бейбіт тұрғындардың қаза тауып жатқанына назар аударады.
БҰҰ ақпаратынша, хуситтердің орнына жүргізілген әуесоққысы кезінде Йеменнің мыңдаған тұрғындары қаза тапқан.
Британ үкіметінде қару экспортының қайта қаралатыны айтылған, алайда белсенділер мқндай уәде қанағаттанбай, сот шешімін апелляцияға беретіндерін айтқан.
Қарумен саудаға қарсы кампанияның айтуынша, Британия әскери қайшылыққа ұшыраған елге қару сата отырып, гуманитарялық құқық нормаларын бұзып отыр дейді.
АҚШ-та әскери ұшақ құлады: зардап шеккендер бар
Американдық Миссисипи штатында құлаған ұшақта төрт адам қаза тапты.
Мемфистан ұшып шыққан С-130 ұшағының бортында сегіз адам болған. Апат Лефлор округінде орын алды.
Ұшақ әуеде жарылды деген болжам бар. Апат орнында төрт адамның мәйіті табылды.
Мексикадағы нормадан ауытқыған ыстықтан жүзден астам адам зардап шекті
Мексиканың солтүстігінде аптаған ыстықтан жүзден астам адам зардап шекті. Сол сияқты кем дегенде екі адамның қаза тапқаны белгілі, бұл туралы Сонора штатының денсаулықсақтау министрлігі хабарлады.
Қазіргі уақытта елдің солтүстігінде көлеңкедегі ыстық 40 градустан асып жығылады, кейде тіпті Цельсия бойынша 50 градустан асып кетеді. Жағдай ауаның ылғалдылығымен тіптен ушығуда.
Көптеген зардап шегушілерден дәрігерлер құрғау және күн соққысын анықтаса, кейбір адамдар күн күйігін алған.
Сонора Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 2016 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда, қайғылы жағдайдың саны 78 пайызға төмендеген. Ол кезде ыстықтан 9 адамның өлгені тіркелген болатын.