Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

10 шілдеге арналған әлемдік таңғы жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтар ретіне шолу жасады

Путин Трамппен болған кездесуге разы РФ президентінің баспасөз-хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесуіне разы болғанын жеткізеді. «Путиннің разы болып қалғанын айта аламын. Шыны керек, президент Трампты жеке танымаймын, бірақ, оның да бұл кездесуге қуана қарағандай көрінді», - дейді Песков. «Шынында, бұл кездесу өткеннен кейін барлығының жеңісті болып қалғанын сенімді түрде айтуға болады», - дейді Путиннің өкілі. Атап өту керек, Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуін керемет деп бағалады, ал АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы Рекс Тиллерстон екі жетекшінің арасында «жағымды химия» қалыптасқанын айтады. Стамбулда Эрдоғанға ондаған мың адам қарсы шықты Стамбул орталығында ел президенті Реджеп Тайип Эрдоған үкіметіне қарсы ондаған мың адамның қатысуымен митинг өтті. Бұған дейін олар Анкарадан Стамбулға дейін шерулетіп өтті. 400 шақырымды жүріп өткен «Әділеттілік маршына» қатысушылар түркия астанасынан 10 маусым күні бастады. Қатысушылар былтырғы жазда өткен сәтсіз төңкерістен кейін болған жаппай жұмыстан шығаруға, қамауға қарсы шығып отыр. Президент Эрдоған акцияға қатысушыларды терроризмді қолдады деп айыптап, маршты ұйымдастырушы «Халықтық-Республикалық партияның» оппозициялық әрекеттен артық кеткенін, олардың террористік ұйымдармен бірлесе әрекет ететінін айтты. Сирияға бағытталған Ұлттық барлау ұйымына тиесілі жүк көліктерін тінту ісі бойынша тиянақты ақпаратты баспада жариялап жіберген партия мүшесі Энис Бербероглу 25 жылға түрмеге қамалғаннан кейін ХРП жетекшісі Кемаль Кылычдароглу аталмыш маршты ұйымдастырып отыр. Энис Бербероглу өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады. Стамбулдағы митинг қамауға алынған депутат отырған Мельтепе ықшамауданында өтті. Гамбургтегі астаң-кестең: Германия өз беделі үшін алаңдауда Гамбургтегі «Үлкен жиырмалық» саммиті күндері «халықаралық қоғам алдында Германияның абыройына айтарлықтай нұқсан келтірді. Бұл туралы Германия Сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль хабарлады. Оның айтуынша, бұл «қатыгездік оргиясы» жазасыз қалмауы керек. Еуропаның түкпір-түкпірінен Гамбургке келген бұзақы экстремистердің әрекеті солақай идеяға түк қатысы жоқ және неоұлтшылдардың шабуылына ұқсайды. Габриель болжамды қылмыскерлерді табуда еуропалықтарды ынтымақтастыққа шақырады. Бұл барлық құқықтық құралдарды пайдалану керек. «Демокартиялық мемлекет енді өзінің қорғану қабілетін таныта алуы керек», - дейді Германия СІМ басшысы. Өз кезегінде федералды ішкі істер министрі Томас де Мезьер тәртіпбұзушылық барысындағы полицияның әрекетін қолдады. Құқықтық мемлекет оқиғаны өз құзырында ұстап отыр, дейді ол Bild am Sonntag-ге берген сұхбатында. Барынша зиянын тигізуді көздеген мұндай ауқымды зорлық әрекеті кезінде тәртіп сақшылары қатыгездікті барынша көрсетсе де, бұған барынша дайын болса да әрбір жағдайдың алдын-алу мүмкін емес еді. ІІМ Басшысы да бұл жерде әңгіме шеруші туралы емес, қылмыскерлер жайында екенін нақтылап, Гамбургтегі дүрбелеңге қатысушыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту керектігін айтып өтті. Катар араб елдерінің блокадасы үшін өтемақы талап етеді Катар үкіметі төрт араб елдері салған блокада нәтижесінде тиген шығынды қайтару үшін комитет құрылатынын ескертті. Бұл туралы катар прокуроры Али Аль Марри мәлімдеді. Прокурордың айтуынша, комитет жеке меншік компанияларлың, мемлекеттік мекемелер мен жеке тұлғалардың арыздарын қарайтын болады. Өз кезегінде Марри, наразылықты қарауға шетелдік заң фирмаларын жалдау үшін, өтемақы талап етуге орган ішкі және халықаралық механизмдерді пайдаланатынын айтып өтті. «Бізде блокада нәтижесінде шығынға ұшыраған адамдар бар, шығынға ұшыраған бизнесмендер бар, шығынға ұшыраған банктер бар. Бұл кесапатты тигізгендер оларға өтемақы төлеуге тиісті», - дейді катарлық прокурор. Жаңадан құрылған комитетке Катар әділет министрі мен сыртқы істер министрі кіреді. Екі дүниежүзілік соғыс заманындағы бомба үшін Польшада қала тегіс көшірілді Екінші Дүниежүзілік соғыстан қалған 500 киллограмдық бомба үшін польшалық Белосток қаласынан 10 мың адам көшірілді. The AssociatedPress хабарлағандай ST-500 неміс бомбасы жөндеу жұмыстары барысында анықталған. Мамандар сынақ алаңында оның көзін жою үшін арнайы көлікке тиеуде. Автобустар адамдарды Белосток қаласынан, Супрасль округінен адамдарды тасуда. Олар бомба залалсыздандырылғанға дейін мектептерде күтетін болады.
Следующая →