Моңғолия сайлауында оппозиция өкілі жеңіске жетті – сайлау комиссиясы
Оппозициялық демократиялық партиядан президенттікке үміткер Халтмаагийн Баттулга Моңғолия басшысын сайлаудағы екінші айналымда жеңіске жетті
ДП-дан үміткер 610 541 мың дауыс жинап, 50,6 пайыздық көрсеткішке ие болды. Қарсыласы Моңғол халықты партиясының өкілі, парламент спикері Миеэгомбын Энхболд – 496 840 мың дауыс жиналы. Қалған дауыс берушілер қорапшаларға бос бюллетендер салған.
Қорытынды нәтиже қалған дауыстарды есептегеннен кейін шығатынына қарамастан, Демократиялық партия жақтастары көшелерге шығып, жеңістерін тойлата бастады. «Халтмаагийн Баттулга 50,6 сайлаушы дауысын жинады. Сондықтан ол дауыс берудің екінші айналымында жеңіске жетіп отыр, - дейді Демократиялық партияның төрағасы Содномзундуйн Эрдэнэ.
Екінші айналым ел тарихында бірінші рет орын алып отыр. Себебі бірінші ретінде кандидаттардың бірде бірі 50 пайызға да жетпеген.