Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

5 шілдеге арналған әлемдік таңғы жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады

КХДР АҚШ-қа ракеталық соққымен сес көрсетті

Солтүстік Корея үлкен ядролық оқтұмсық таси алатын континентаралық баллистикалық ракета сынағын өткізбек екенін жариялады.

КХДР жетекшісі Ким Чен Ынның айтуынша, жуықта ғана шығарылған атомдық және сутегі бомбалары бар ракета Пхеньянның стратегиялық қарулану мүмкіндігін арттыра түскен.

Ол АҚШ-тың материктік бөлігіне соққы бере алатын Солтүстік Кореяның ракета шығару ниетін растады, деп хабарлайды Bloomberg.

Франция парламенті елдегі ТЖ режимін созды

Франция Сенаты 4 шілде күні алтыншы және соңғы рет елдегі төтенше жағдай режимін созуға дауыс берді, деп хабарлайды Agence France-Presse.

Режимді созуға 312 сенатор дауыс берді, қарсы шыққандар 24 адам.

Жуықта Франция президенті Эммануэль Макрон ТЖ режимінің күзде алынатынын мәлімдеген болатын. Бұл 2017 жылдың 1 қарашасында жүзеге асуға тиісті.

Каталония референдумнан кейін бірден тәуелсіздігін жариялайды

Егер тұрғындар тәуелсіздікке қолдау беретін болса, Каталония қазан айында өтетін референдумнан кейін өзінің Испаниядан тәуелсіздігін бірден жариялайды.

«Егер Каталония республикасын құруға дауыс көп берілетін болса, тәуелсіздіктің бірден жариялануы керек екені айқын», - дейді билеуші коалиция өкілі Габриэла Серра.

Тәуелсіздікті бірден жариялау туралы Испанияның құқықтық жүйесінен Каталонияны тыс көздеген заңда.

Италия шекараға әскер орнатқан Австрия елшісінен түсініктеме күтуде

Мигранттардың ағынын тоқтату үшін шекараға әскер тұрғызамын деп Вена мәлімдей салысымен, Италияның сыртқы істер министрлігі Римге Австрия елшісін шақыртты. Бұл туралы ANSAбасылымы хабарлайды.

«Римдегі Италия сыртқы істер министрлігі өз мәлімдемесінде, Бреннер өткелінде австрия үкіметі әскер орнататыны туралы хабарландыру тарай салысымен Римдегі Австрия елшісі Рене Поллитцердің Министрліктің бас хатшысы, елші Элизабетта Беллонимен шақырылғаны туралы расталды», - дейді хаттамада.

Осыған дейін, егер Италиядағы мигранттар ағыны толастамайтын болса Австрия қорғаныс министрлігі австрия-италия шекарасындағы Бреннер шатқалына 750 әскери қызметкерді орналастыратыны туралы айтылған.

Чили жағалауларында 5,9 магнитудамен жер сілкінді

5,9 магнитудалы жер сілкінісі Чили жағалауларының бірінде тіркелді, деп хабарлайды АҚШ Геологиялық қызметі

Жерасты сілкіністірінің ошағы Конститусьон жергілікті мекенінің оңтүстік батысынан 89 км жерде орналасқан. Жер сілкіну ошағы жер астынан 10 км жерде жатты.

Ықтималды зардап шеккендер мен қираған дүниелер туралы дерек түскен жоқ.

Следующая →