Дональд Трамп өзінің болашақ сайлау кампаниясында бір кеште 10 млн доллар жинаған
АҚШ президенті Дональд Трамп 2020 жылы өтетін келесі сайлау туралы ойлай бастаған сыңайлы
Ассошиэйтед Пресс агенттігі хабарлағандай, сәрсенбі күні ол өзінің болашақ сайлау кампаниясына ақша тарту мақсатында кеш ұйымдастырып, 10 млн доллар көлемінде қаражат жинап алған.
Республикалық партияның Ұлттық комитеті баспасөз-қызметкері Линдси Джэнсиктің айтуынша, президенттің қатысуымен вашингтондық Trump International қонақ үйінде өткен кешкі асқа 300 адам қатысқан. Екі сағаттың іс шараның билеті әр қонаққа 35 мың долларды құрады. Банкет Трамптың саяси қарсыластарының қызығушылығын да тудырған екен. Мекеме алдына бірнеше белсенділер «Салықты қысқартудан бұрын Денсаулықсақтау» деген жазуы бар парақшаны ұстап, «Ұят-ай» деп айқайлаған.
Агенттіктің айтуынша, американдық президент іс шараға репортерлерді кіргізбей өз ізашарының дәстүрін бұзған. Ең басында журналистерге Трамптың сөзі кезінде залда болуға рұқсат еткен, кейін ұйымдастырушылар ойларынан айнып, баспа өкілдеріне кіруге тыйым салған.
Қазіргі президенттің қаражат тартуы ерекше ерте басталды. Келесі сайлауға дейін әлі 3,5 жыл бар.
Ол өз партиясына қаражат жинауда, - дейді ол. - Мен бұны кез-келген президенттің әрекетінен тыс деп есептемеймін.
2016 жылы Трамп өз кампаниясына қаржы жинауда сайлауға бес ай қалғанда ғана бастаған, деп өтті агенттікте. Алдымен ол өз ақшасына бастады және кейін барып донорлардың қаржылай қолдауына жүгінген болатын.
Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында Трамптың ашық сайлау кампаниясына 7 млн доллар түскен болатын. Ұйымдастырушылар бұл қаражатты сайлаушылардың кішігірім ақша бөлуінен және «Амерканы қайтадан ұлы етеміз» деген жазуы бар кепкаларды сату арқылы жинаған.