Жапония қорғаныс министрі отставкаға шығудан бас тартты
Жапонияның қорғаныс министрі Томоми Инада өзінің төңірегінде болған жанжалға қарамастан қызметтен кетуден бас тартты
Томоми Инада сайлаушыларға қорғаныс министрлігі мен әскери қызметкерлер атынан Токио префектура ассамблеясын басқарып отырған партияға дауыс беруге шақыруы қоғадма біраз дау тудырған болатын.
Жапония заңнамасы бойынша мемлекеттік қызметкерлер саясатпен айналысуға болмайды. Оппозиция мүшелері мұны заңды өрескел бұзу деп бағалап отыр.
Осы жексенбі күні Токиода ассамблея сайлауы өтеді. Оған екі партия қатысады.