Бразилия прокуроры ел президентін сыбайлас жемқорлыққа айыптады
Бразилияның бас прокуратурасы ел президенті Мишель Темерға қарсы айып тақты
Бразилияның бас федералды прокуроры Родриго Жанот ел президенті Мишел Темерді пара алды деп айыптады.
Айып Жоғарғы сотқа жіберілді. Бразилия заңнамасы бойынша Конгрестің төменгі палатасы енді президентке қатысты істі тыңдауға сотқа рұқсат беру керек пе, жоқ па соған дауыс беру керек.
Бас прокуратура сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеуді бастап кетті.