Катар әмірі Ресей президентіне хат жолдады
Катар әмірі шейхі Тамим бен Хамад әл-Тани Ресей президенті В.Путинге екіжақты қатынас және Парсы шағанағындағы дағдарыс жөнінде хат жолдады
- Катар әмірі Ресей президентіне хат жолдады, - делінген хабарламада.
13 маусым күні Мәскеуде Катар мемлекеттік министрі Мухаммеда бен Абдель Рахман әл-Тани мен Ресей қорғаныс министрі арасында кездесу өткен болатын. Кездесу барысында Катар басшысы Ресейге алғысын айтқан еді.
Бұған дейін 5 маусым күні бірнеше араб мемлекеттері Катарға қарсы бірігіп, оны терроризмді қаржыландыруда деп айыптаған болатын. Бахрейн, БӘА, Сауд Арабиясы, Египет, Йемен, Ливия, Мальдив Республикасы, Маврикия Республикасы Катармен арадағы байланысты үзген еді.