9 маусымға арналған таңғы жаңалықтар легі
Устинка Live тілшілері саясат, экономика салаларында болып жатқан маңызды оқиғаларды назарларыңызға ұсынып отыр
Катар төңірегіндегі дау-жанжал: төрт мемлекет террористік тізімі толықты
Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн және Египет елдері Катар мемлекетіне қатысты 12 ұйым мен 59 адамды террористік тізім қатарына енгізді.
Аталмыш төрт мемлекеттік мәлімдеуінше, Катар елі бұл террористік ұйымдарды ланкестік қарсы күрес ұранымен жасырын қаржыландырып отырған.
Тізім әлі де толығуы мүмкін.
Трамп Тиллерсонды Катар мәселесінде қатысты келіссөз жүргізу делдал ретінде тағайындады
АҚШ президенті мемлекеттік хатшы Рекса Тиллерсонды Парсы шығанағындағы дау-жанжалдарды реттеу үшін, оның ішінде Катар мәселесі де бар, келіссөз жүрізуші делдал ретінде тағайындады.
- Президент Тиллерсонға Парсы шығанағы мәселелеріне келіссөз жүргізуін өтінді. АҚШ аймақтағы мәселелені өзара бейбіт шешуін қолдайтындығын жеткізеді, - дейді мемлекеттік депаратаментітң ресми өкілі Хизер Науэрт.
Ким Чен Ын зымыран сынады
КХДР көшбасшысы жаңа зымыранын сынады. Оңтүстік Корея әскерилері 8 маусым күні 200 км қашықтыққа ұшқан жаңа зымыранның іске қосылғанын хабарлады.
Корея телеграф агенттігінің хабарлауынша, бұл қару солтүстік корея ғалымдарының дербес ойлап тапқан, теңіз әскери кемелерін жоюға арналған зымыран екендігін айтқан.
Ұлыбритания сайлауында Консерваторлар алда келеді
Алдын ала есептеулер бойынша Ұлыбритания парламент сайлауында Консерваторлар партиясы алда келеді.
650 парламент орнының аталмыш партия 314 орнын жеңіп алуы мүмкін.
Екінші орында Лейбористер партиясы келе жатыр. Бұл партия 266 мандатқа үміткер болып отыр.
Автралияда бір жануар полиция қызметінен босталды
Гавел есімді неміс овчаркасы Австралияның Квисленд штатында осыдан 8 ай бұрын полиция қызметіне «жұмысқа» кірген болатын. Алайда жаттығу сынақтары біткен соң, жануардың бұл қызметке жарамайтындығы анықталған. Яғни, қылмыскерді ұстаудың орнына онымен ойнауға ықыласты болған.
Полиция қызметінен «қуылған» жануар қазіргі уақытта губернатордың көмекші иттері қатарына «жұмысқа» қабылданған. Оның міндеті адамдарды қарсы алу.