Бүгін Ұлыбританияда сайлау өтеді
Бүгін Ұлыбританияда сайлау басталды. Сайлау учаскілері сағат таңғы 7.00 ашылып, 22.00 жабылады
Парламенттің төменгі палатасы үміткер 650 орынға консерваторлар, лейбористер, либерал-демократ, Тәуелсіз біріккен корольдік партиясы, Тәуелсіз Шотлания партиясы таласады.
Алдын ала жүргізген сауалнама бойынша, негізгі күрес Консерваторлар қанатын бастаушы Тереза Мэй мен оппозициялық Лейбористер партиясы арасында болмақ.
Сарапшылардың ойынша, парламентте консерваторлардың үлесі көп болмайды, бірпартиялық үкімет құра алмайды дегенді айтады. Парламенті толықтай толтыру үшін консерваторлар 326 орын алуы тиіс, ал сауалнама бойынша тек 304 мүшесі ғана үміткер бола алған.
Кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешімді Тереза Мэй сәуір айында қабылдаған болатын. Оның ойынша қазіргі парламент мүшелері елдің тағдырына қатысты мәселелерге селқос, енжар қарайды.
Елдегі парламенттік сайлау террористік қауіп жағдайында өтіп жатыр. Соңғы айда елде үш бірдей жарылыс болған.