Филиппин тұрғындарына Катар еліне еңбек етуге тыйым салынды
Филиппин билігі өз тұрғындарына катар еліне барып жұмыс жасауға тыйым салды. Бұл аймақтағы шиеленістердің орын алуына тікелей байланысты
Филиппин билігі Катар елінде жұмыс жасап жүрген 140 мыңнан астам ел азаматтарына алаңдап отыр. Филиппин аймақтағы шиеленістерге байланысты Катар аумағында азық-түлік жетіспеушілігі орын алуы мүмкін деп отыр.
- Біздің білуімізше, Катар ешқандай азық-түлік өнімдерін өндірмейді. Мемлекетте азық-түлік жетіспеушілігі орын алуы мүмкін. Мұның арты аштыққа әкеледі, халықтың наразылығын тудырады, - дейді Филиппин еңбек және жұмыспен қамту департаментінің басшысы Сильвестр Белло.
Филиппин билігі, аймақтағы жағдайдың қаншалықты деңгейде қауіпті екендігін алдын ала бағдарлап алып, егер ешқандай қиындықтар болмаса, ел азаматтарына Катарға баруға рұқсат ететіндігін айтады.
Айта кетейік, Катардың жалпы тұрғыны 2,2 млн адам. Оның ішінде көп бөлігін шетелдің жұмысшылар құрайды. Елде Филиппиндермен қатар Катарда 650 мың Үндістан азаматы, 400 мың Непал елінің, 70 мың Египет елінің азаматтары жұмыс жасауда.