Путин Таяу Шығыстағы мәселелерге қатысты Катар билігімен сөйлесті
РФ президенті Путин Катар елінің әмірі Тамим бин Хамад Әл Танимен телефон арқылы сөйлесіп, екі ел арасында ынтымақтастық пен серіктестік мәселелерін талқылады
- Екі ел арасында сауда-экономикалық, инвестициялық қатынас саласындағы мәселелер талқыланды, - деп хабарлайды Кремль сайты.
Сонымен қатар, Ресей Таяу Шығыстағы қайшылықтарды дипломатиялық жолдар арқылы шешуге әзір екендігін жеткізген.
Айта кету керек, қазіргі уақытта Катар елімен араб әлеміндегі 8 бірдей мемлекетпен араздасып қалған еді: Сауд Арабиясы, БАӘ, Египет, Бахрейн, Мальдив аралдары, Маврикий аралдары және Ливия мен Йемен.