Путин Сноуденді сатқын деп есептемейді
Ресей президенті Владимир Путин АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденді өз елінің сатқыны деп есептемейді, алайда оның әрекетін ресейлік көшбасшы мақұлдамайды
Владимир Путин америкалық режиссер Оливер Стоунға сұхбат беру барысында Эдвард Сноуден басқаша әрекет жасай алмағандығын пайымдаған. Оның істеген әрекетін ресейлік президент мақұлдамайды, бірақ, оны сатқын деп те есептеуге келмейді.
Бірінші кезекте Путин ҰҚА мен ОББ ғаламтор желісі арқылы барлауда тым алысқа кіргендігін атап өтті.
Сноуден осы ақпараттарды жариялауды шешкенде өз халқының мүддесінде ғана әрекет еткен. Сондықтан, ол Америкаға сатқындық жасады деп үзілді-кесілді айтуға болмайды. Оның барлық әрекеттері жария болды, ол ештеңе жасырып қалмаған және басқа ешқандай елге құпия ақпараттарды жасырын түрде бермеген.