АҚШ конгрессмендері Трамптың күйеу баласының құпия құжаттарға жоламауын талап етуде
Кушнер бірнеше рет Конгресске түсінік беруге дайын екендігін жеткізген. Алайда ол үшін ешқандай шақырту алмаған
АҚШ Демократиялық партиясының 52 конгрессмені Ақ үйдің кеңесші заңгері Дон Макганның атына ел президенті Дональд Трамптың күйеу баласы әрі кеңесшісі Джаред Кушнерді құпия құжаттарға жолатпау туралы хат жолдады.
Хат авторлары Кушнердің «ресейлік ресми тұлғалармен және Трамптың сайлауалды кампаниясымен байланысы бар болуы мүмкін деген күдікпен» ФҚБ тарапынан тергеу субъектісі болып табылатындығын алға тартты. Тергеу дәлел таппағанымен, конгрессмендер оны құпия құжаттарға жолатпауды талап етуде.