1 мамырға арналған әлемнің таңғы жаңалықтары
Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады
Венесуэла Жоғары соты Мадуроға құрылтай жиналысын өткізуге рұқсат берді
Венесуэла Жоғарғы сотының конституциялық палатасы президент Николас Мадуроға оппозиция сұраған референдумсыз құрылтай жиналысын өткізуге рұқсат берді
Ұлттық құрылтай жиналысының алдында кеңесшілік референдум өткізу міндетті түрде емес, бұл конституцияда көрсетілмеген, - деп көрсетілген сот шешімінде.
Естеріңізге саламыз, Сәуірдің басынан бері Венесуэлада Ұлттық оппозицияның билігіне Жоғарғы сот шектеу қойғаннан кейін жаппай қарсылық акциялары басталған. Шешім қайтарылды, бірақ оппозиция жағы сот мүшелерінің кетуін, уақытттынан бұрын сайлау өткізуді талап еткен.
Трамп климат бойынша келісімнен шықты – БАҚ
Американдық президент Дональд Трамп АҚШ-ты 2015 жылы қабылданған Париждік климат келісімінен шығармақ, деп жазуда БАҚ өкілдері.
Көп жағдайда, шешім туралы ақпарат көзі бар Reuters агенттігі хабарлайды. 31 мамыр күні агенттік Трамптың сайлауалды сөзінде АҚШ-ты жылыжайлық газды қысқартуды көздейтін келісімнен шығаратыны туралы айтқанын келтіреді.
Трамп климатикалық келісімнен шығады – деп жазады АВС News Ақ үйдің жоғары лауазымды өкіліне сілтеме жасай отырып.
Өз кезегінде Германия Трамптың Париджік климатикалық келісімнен АҚШ-ты шағару шешімі туралы ештеңе білмейді.
Бұл туралы неміс үкіметінің баспасөз хатшысы Улькрике Деммер журналистердің сауалына жауап бере отырып мәлімдеді.
Өздеріңіздей мен хабарландыруды (Дональд Трамптың шешімі туралы) көрдім, бірақ менде бұдан артық ақпарат жоқ, - деді Деммер.
АҚШ сенаты РФ қарсы санкцияларды кеңейтуді ұсынды
АҚШ банктері бойынша комитетінің жетекшілері Украинадағы, Сириядағы және киберкеңістіктегі әрекеттері үшін Ресейге қатысты санкцияларды кеңейтуді ұсынды.
Аталғандай, мұндай ұсыныспен банктер бойынша комитет төрағасы, Айда жақтан шыққан сенатор Майк Крэйпо мен демократтар төрағаласы, Огайодан шыққан сенатор Шеррод Браун шыққан.
Сенаторлардың заң жобасы экономика, металлургия және темір жолдары секторларына қатысты санкцияларды кеңейтуге рұқсат береді.
Санкциялардың болғанына қарамастан, Ресей қарсыласушы, бағынбайтын держава болып табылады және өз әскери әрекеттерін жалғастырып, АҚШ-қа зиянын тигізу үшін, оның одақтастарынының арасына іріткі салуда кибернетикалық ақпараттық барлау көздеріне жүгінеді, - деп жазылған сенаторлар хатында.
АҚШ сенаты «ресейлік іс бойынша» жеті тәртіп бағыттады
АҚШ өкілдерінің барлау палатасы бойынша комитеті 2016 жылғы АҚШ президентін сайлау жолына РФ араласыпты-мыс ісі бойынша көрсетілім мен тыңдауға келуді талап етіп жеті тәртіп жіберді.
Аталғандай, төрт тәртіп РФ-ның президенттік сайлауға араласуы бойынша іс болса, үшеуі биліктің өту кезеңіндегі экс-президент Барак Обаманың әкімшілігінің жасырын, өңделіп болмағанбаяндамасында Дональд Трамп сайлауалды штабындағы адамдардың есімдері кездескеніне байланысты. Комитет алдында ФББ, ОББ және Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің адамдар тұрады.
Мұнымен қоса комитет АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша бұрынғы кеңесшісі Майкл Флиннге, Трамптың заңгері Майкл Коэнге және өткінші Обама әкімшілігінің бірнеше өкілдері: ұлттық қауіпсіздік бойынша экс-кеңесші Сюзан Райсқа, ОББ бұрынғы басшысы Джон Бреннанға және БҰҰ алдындағы АҚШ тұрақты өкілі Саманта Пауэрге жолдады.
Сауд Арабиясында жұмыстан шығып қалған ұстаз әріптестеріне оқ жаудырды
Эр-Риядта ер адам Kingdom School мектебінің қызметкерлері мен ұстаздарына оқ жаудырды.
The Independent хабарлағандай, Рамазан айының келуіне байланысты жазғы демалысқа орай оқиға барысында мекемеде балалар болмаған.
Жергілікті БАҚ үш адамның қаза тапқаны туралы хабарлайды – сауд ұстазы, американдық азаматтығы бар пакистандық әріптесі және бенгалдық жұмысшы.
Хабарланғандай, атысты ирактық ұстаз бастаған. Қайғылы оқиғаға дейін ол жұмыстан шығып қалған. АҚШ елшілігінде хабарлағандай, қылмыскер әлі мектеп мекемесінде қамалып отыр. Полиция оның көзін құрту үшін жұмыс жүргізуде.
Жеке меншік білім кешені бай Аль-Шемаль өңірінде орналасқан. Ол жерде сонымен қатар халықаралық ұйымдар, ауруханалар мен мейрамханалар да орналасқан.