Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

31 мамырға арналға әлемдік таңғы жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өтен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салаларда орын алған маңызды жаңалықтарға шолу жасады

АҚШ-та Ресейдің сайлауға араласуына қатысты екі тұлға пайда болды

АҚШ конгрессі 2016 жылғы сайлауға Ресейдің араласуын тергеу аясында Ақ үй баспасөз қызметінің бұрынғы қызметкері Борис Эпштейн мен Дональд Трамптың заңгері Майкл Коэн туралы ақпарат алуға сұраным жазды.

Эпштейнге барлау бойынша палата өкілдерінің комитеті сұраным жазды.

Аталғандай, ол Мәскеуде өскен, Джорджтаун университетінде білім алып жүргенде Дональд Трамптың ұлы Эрикпен танысқан.

2016 жылғы сайлауалды кампаниясы барысында Трамптың командасында жұмыс істеген. Сайлаудан кейін өтпелі үкіметтің аға кеңесшісі, инаугурация алдындағы қоғаммен байланыс директоры қызметіне тағайындалды.

Наурыз айында Ақ үйдің баспасөз қызметіне орналасып, жуық арада қызметінен босатылды. Президент әкімшілігінде Эпштейннің қызметінен не себепті кеткені түсіндірілмеді. Қазір ол БАҚ-та саяси сараптамашы қызметінде.

Сонымен қатар Конгресс комитетінің шақырылымын Трамптың заңгері Майкл Коэн алды. Оның айтуынша, жауап беру мүмкін емес сұрақтардың дұрыс құрылмағанына байланысты шақырылмнан бас тартқан.

Осыған дейін конгрессмендер дәл осындай сұранымдарды Дональд Трамптың кеңесшілері Майкл Флиннге, Роджер Стоунге, Пол Манафортқа және Картер Пейджге жіберген болатын.

АҚШ сириялық күрттерге қару жіберуді бастады

Әскери шенеуніктердің бірі көрсеткендей, қару тасымалы басталып кетті, алайда АҚШ әскерилерінің сириялық күртке не беріп жатқаны туралы бірде бір телеарна ақпарат көздері хабарламаған. Сол сияқты қару тасымалының қалай жүріп жатқаны жа белгісіз.

Пентагон пікірінше, Сириялық демократиялық күш «Ислам мемлекет» лаңкестік ұйымымен күресудің маңызды бөлігі болып табылады. Бұл әсіресе Ракка қаласын азат етуде өте маңызды.

БАҚ атағандай, бұл екі ай ішінде американдық қарудың екінші рет тасымалдануы. АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілі Эдриан Рэнкайн-Гэллоуэй әскери техниканың сириялық күртке тасымалдануын растады. Оның ішіне оқ дәрі қарулары мен көлік құралдары кіреді.

РФ хакерлері елдер сайлауына араласпайды – Путин

«Айтады. Кім неге сүйене айтады? Ресейлік хакерлер-мыс. Бәлкім, ресейлік емес те шығар» - деді Путин.

АҚШ президенті Дональд Трамп «меніңше дұрыс айтады – бәлкім ол өзге елдің адамығ бәлкім төсегінде аунап жатып бірдеңе ойлап тапты, тіпті ресей азматының аты жазылған флешканы арнайы сұға салды», деп атап өтті ол.

«Барлығы мүмкін. Бұл виртуалды әлемде кез-келген нәрсені ақтара салуға болады. Ресей мұнымен ешқашан айналыспайды, бұл бізге керек те емес, оны істеудің еш мәні жоқ. Қандай мән бар?» - деді ресейлік жетекші.

Германияда теракт жоспарлаған сириялық ұсталды

Берлинде жарылыс ұйымдастырмақ болған деген күдікпен неміс полициясы 17 жасар сириялықты ұстады. Тергеу нұсқалары бойынша, жасөспірім өз өзін жаруды ойлаған, деп хабарлайды Рейтер агенттігі. Бұл туралы Бранденбург жерінің ішкі істер министрі Хайнц Шретер хабарлады.

«Бүгін таңертең Бранденбург федералды жеріндегі полицияның арнайы бөлімі Укрмарк округінде 17 жасар жасөспірімді ұстады. Бұған себеп болған жағдай, аталмыш тұлғаның туысқандарына қоштасу хатын жолдап, джихадқа қосылатынын жариялағаны туралы өңірден ақпарат келді», - дейді Бранденбург полициясының баспасөз мәлімдемесі.

Жасөспірімнің қашан, қалай шабуыл жасамақ болғаны туралы хабарланбады. Оның есімі де аталмады.

Джеймс Бонд қыздарының бірі қайтыс болды

Британдық әртіс Молли Питерс өмірден озды. Әртіс 75 жасқа келді, деп хабарлайды Fox News телеарнасы.

Молли Питерс бондиананың «Жасын найзағай» атты бөліміндегі рөлімен танымал. Шон Коннеримен ойнаған әртістің фильмі 1965 жылы экранға шықты.

Питерстің қандай жағдайда өмірден өткен белгісіз.

Бірнеше күн бұрын Джеймс Бондтың рөлін сомдаған британдық әртіс Роджер Мур өмірден өткен болатын. Актер ұзақ уақыттан созылған дертіне байланысты 89 жасында өмірден өтті.

Следующая →