Қазақстан ресейлік әскерилерге АҚШ көмегімен құрылған нысандарды көрсетеді – Шойгу
РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Қазақстанның АҚШ қолдауымен құрылған республика төңірегіндегі әскери нысандарды ресейлік мамандарға көрсетуге дайын екенін айтты
Жуық арада, бұл жылдар емес, апталар ішінде біздің топ қазақ әріптестерімізбен жұмыс істейді. Мен ол орталықтарды көрсетеді деп сенемін, - деді С. Шойгу Федерация кеңесінің «үкіметтік сағаты» барысында.
Бізд мұндай шақырылым бар және ол туралы әрқашан айтамыз. Бұған біз тиянақты, әрі ұзағынан қараймыз, - деді министр.
Осыған дейін «үкіметтік сағатта» «Пентагонның Қазақстан мен Грузия төңірегінде орталықтардың дамуына белсенді түрде қаражат салады» деп сенаторлар алаңдаушылық білдірген.
С. Шойгу мемлекеттің химиялық қаруға жауапкершілікпен қарауы керек екенін айтты.
ИШИМ мен Джебхат ан-Нусраның қолында химиялық қару бөлшектері бар екені туралы ақпарат бола тұрып, біз оның қайда және кімде барын жақсы білеміз. Мұндай жағдайда оның кез-келген елде пайда болмайтынына кім кепіл? Бұл жерде бірлескен комиссиялық жұмыс қажет, - деді министр.
Бұл қулыққа төзбейтін қару. Бұл оңай босатылатын жын. Бірақ оны ұстау тіптен мүмкін емес. Біз бұған өте тиянақты қараймыз және әріптестерімізді де соған шақырамыз, - деп атады С. Шойгу.
Следующая →