Ресейді бүгінгі уақытта үлкен держава деп айту қиын – Могерини
Ресейдің жалпы ішкі өнімі өзге еуропалық мемлекеттермен салыстырғанда аз
Экономикалық қиындықтарына қарап Ресей Федерациясын әлемдегі ірі державалардың қатарын қосу қиын. Бұл жайында Шетел істері мен қауіпсіздік саясаты бойынша Еуропалық Одақ өкілі Федерика Могерини Иорданияда өткен Әлемдік экономикалық форумда айтты.
- Ресейдің экономикалық жағдайына қарай отырып, оны әлемдік держава деп бағалау қиындық туғызады, - деді Могерини.
Ресми өкілдің ойынша, Ресейдің жалпы ішкі өнімі өзге Еуропа мемлекеттерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен.
- Ресей әскери және қорғаныс істеріне көп ақша бөледі, алайда бұл экономикалық қуаттың артуына еш пайдасын тигізбейді, - деді Могерини.
Айта кетейік, Ресей президенті бұғған дейін, Санкт-Петербургте өткен халықаралық экономикалық форумда АҚШ-ты әлемдегі ең ірі супердержава деп баға берген еді.