Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

АҚШ заң шығарушылары Кәріс түбегіндегі жағдайды дұрыс бағаламай отыр – КХДР комитеті

Пхеньян билігі Құрама Штаттар конгресінің өкілдері Кәріс түбегіндегі жағдайды дұрыс бағаламай отыр дегенге сенімді

Солтүстік Корея депутаттары америкалық конгресмендердің 3 мамыр күні ҚХДР-ға қарсы қабылдаған санкциясына наразылық білдіріп отыр. Пхеньян билігі «біздің мемлекеттік ішкі істерімізге араласып отыр әрі ҚХДР мен АҚШ арасындағы қатынастың неден шиеленісіп отырғанын, ядролық қару мәселесінің қайдан туып отырғанын түсінбей отыр» дейді.

Сол себепті Солтүстік Корея комитеті АҚШ палатасы өкілдеріне «Корея түбегіндегі жағдайларды өршітуден гөрі оны бейбіт келісімге келтіруге атсалысуына, Вашингтон мен Пхеньян арасындағы жаугершілік қатынасты аяқтауға кеңес берді.

Сонымен қатар Пхеньян билігі АҚШ палатасы әлі де арандататын болса ядролық бомбаны іске қосуға дайын екендігін білдірді.

Айта кетейік, 3 мамыр күні АҚШ Конгресі КХДР-ға қарсы санкция шараларын күшейтуге қатысты заң жобасын мақұлдаған болатын. 419 конгресмен қолдау танытса, тек біреуі ғана қарсы сөз айтқан.

Следующая →