Оңтүстік Кореядағы сайлау мерзімінен бұрын өтеді
Оңтүстік Кореяда сейсенбі күні сайлау учаскелері ашылады. Онда мемлекет азаматтары болашақ ел президентіне дауыс береді
Президенттікке 13 үміткер дауысқа түседі. Демократиялық партиядан Мун Чжэ Ин, сондай-ақ, «Халық партиясының» өкілі Ан Чхоль Су негізгі үміткер болып отыр. Ал «Еркін Корея» партиясының өкілі Хон Чжун Пхе танымалдылығы бойынша үшінші орын алады.
Қоғамдық пікір сауалнамасы мәліметтері бойынша Мун Чжэ Инге шамамен 42% сайлаушы дауыс бермек. Өз кезегінде оның қарсыластары Ан Чхоль Су мен Хон Джун Пхеге 18% тиісінше.
Мерзімінен бұрын дауыс беруге тілек білдірген Оңтүстік Корея азаматтары қазірдің өзінде 4-5 мамырда өткен алдын ала сайлауға қатысқан. Жүйесі 2013 жылы енгізілген мерзімінен бұрын дауыс беру мақсаты – сайлауға келушілер санының артуы.
Ұлттық сайлау комиссиясының деректері бойынша алдын ала дауыс беру барысында 3,5 мың сайлау учаскелеріне шамамен 11 млн адам келген.