Меркель Макронмен «әсерлі» әңгіме өткізді
Германия канцлері Ангела Меркель 7 мамыр күні Эммануэль Макронмен болған телефон әңгімесі барысында Франциядағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Меркель оның ЕО-дағы бірлік үшін күресіне құрмет білдірді. Сонымен қатар ГФР канцлері Ангела Меркель енді француздар мен немістердің арасындағы достықтың нығая түсеріне үміт білдірді.
Макрон штабында хабарлағандай, екі саясаткердің әңгімесі он минутқа созылған. Әңгіме барысында Францияның жаңа президенті жақын арада Берлинге баруға уәде етті.