Қазақстан сириялық қақтығысты реттеуге үлес қоса бермек
Қазақстан Сирияға байланысты өткен төртінші халықаралық кездесуді осы елд бейбітшілік орнатуға жасалған сапалы қадам деп бағалауда
СІМ сайты хабарлағандай, 2017 жылдың 3-4 мамырында Астана қаласында астаналық үрдіс аясында Сирия бойынша жоғарғы деңгейдегі халықаралық кездесу өтті. Келіссөздерге Сирия үкіметінің делегациясы, сириялық қарулы оппозициясы, әскери әрекеттерді тоқтатуға кепіл елдер – Иран, Ресей, Түркия және БҰҰ, АҚШ, Иордания өкілдері қатысты.
Екі күнге созылған кездесудің нәтижесі барлық тараптардың қатысуымен өткен пленарлық отырыста шығарылды. ҚР СІМ Қайрат бдрахманов өз баяндамасында атап өткендей, Президенттің тікелей қолдауы және қатысуымен басталған астаналық үрдіс женевалық форматты толықтыратын маңызды кедіссөз алаңына айналып үлгерді.
Следующая →