Шымкенттен Өзбекстанға «Достық керуені» қозғалды
ОҚО-дан шыққан 50 ақсақал Ташкенттегі Төле бидің зиратына қажылыққа барып, Самарқанттағы Әмір Темір мен Жалаңтөс батырдың, Бұқардағы Бахауддин Накшбанидің кесенелерімен танысады
ОҚО әкімдігінің сайты хабарлағандай, аталмыш шара Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтың наурыз айындағы Қазақстанға сапары барысында Қазақстан халықтары Ассамблеясы мен Өзбекстан Республикасының Интерхалықаралық мәдени орталығымен ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылған.
Меморандумда қоғамдық-саяси, мәдени-білім беру, ғылыми және ақпараттық салалар бойынша ынтымақтастық қалыптастыратын, халықтық дипломатияның нығайтып, дамытатын, екі елдің халықтарын жақындастыратын бірлескен жобалар мен іс-шаралар қарастырылған.
Мұнымен қоса, «Достық керуенінің» өкілдері Өзбекстан Республикасының Интерхалықаралық мәдени орталығын, Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығын және өзге де тарихи-мәдени орталықта болып, сол елдің азаматтарымен кездесулер өткізеді.