Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

2 мамырға арналған таңғы жаңалықтар легі

Устинка Live тілшілері саясат, экономика саласындағы маңызды жаңалықтарды ұсынып отыр

2 мамыр күні Трамп Путинмен телефон арқылы сөйлеседі
АҚШ Президенті Д.Трамп Ресей Федерациясының басшысы В.Путинмен телефон арқылы сөйлеседі деп хабарлайды Ақ Үй баспасөз қызметі.
Сөйлесу уақыты Мәскеу уақыты бойынша 12.30.
Бұл – Трамптың билікке келгеннен бері АҚШ пен РФ президенттерінің арасындағы үшінші рет сөйлесуі.
Алғашқысы қаңтар айының соңында болса, екіншісі сәуір айының басында болған еді.
 
Дания Еурополдың құрамынан шықты
Дания 1 мамырдан бастап Еуропалық полиция ұйымы құрамынан шықты. Дегенмен Копенгаген Еуропа Одағымен Еуропол жөнінде жаңа келісімге келді. Келісім бойынша дат полициясына Еуропол ұйымымен кадр алмасуға, ақпарат алмасуға рұқсат берілген болатын.
Еурокомиссияның мәлімдемесіне сүйенсек, Данияның Еуропалық полициямен тығыз қарым-қатынас орнатуына ерекше мәртебе берілген. Дания билігі Шенген келісімшарты аяқталғанға дейін Еурополдан керекті мәліметті сұрастыра алады.
 
 
Пентагон ПРО-ның Оңтүстік Кореядағы мүмкіндіктері жайында айтты
Оңтүстік Кореяда орналасқан америкалық қару жүйесі THAAD зымыранды басып алуға дайын. Бұл жайында NBC News телеарнасы хабарлап отыр.
- Оңтүстік Кореядағы THAAD зымыран қару жүйесі әскери шабуылға дайын әрі зымыранды жойып жіберуге қауқарлы, - деді АҚШ әскери ведомства өкілі.
 
Торонто қаласының ортасында жарылыс болды
Жарылыс Торонто қаласының қаржы аудандарының бірінде болған. Ешқандай адам жарақат алған жоқ.
Жарылыс Торонто қаласының 5 бірдей банкі орналасқан ауданда болған. Жарылыс түтіні айналаны қап-қара еткендіктен, көлік пен метрополитен қатынасына кедергі келтірген.
Жерасты трансформаторы өртеніп кеткен. Жарылыстың себебі анықталмады.
 
FBI қызметкері ИГ жасағы жауынгеріне тұрмысқа шыққан – БАҚ
Федералды Тергеу бюросының қызметкері 2014 жылы Сирияға аттанған болатын. Кейін қызметкер «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) террористік топтың мүшесіне тұрмысқа шыққан.
Аудармашылық қызмет айналысқан Даниэла Грин басшылыққа өзінің қайда бара жатқанына қатысты дұрыс ақпарат бермей, Сирияға аттанған. Сириядағы жаңа күйеуі Денис Касперге оған қатысты тергеу жұмыстары басталғандығын айтып қайтадан АҚШ-қа оралған.
АҚШ-қа келген соң, өз кінәсін мойындап тергеу бюросымен бірге жұмыс жасайтындығын мәлімдеген.
Дегенмен жалған ақпарат бергені үшін 2 жыл бас бостандығынан айырылған.
Гриннің күйеуі Касперт неміс рэпері болған, алайда Сирияға келіп Абу Тальха Аль-Альмани есімімен террористік миссияға кіріскен. 
Следующая →