Трамп Хиллари Клинтонды Ресей билігімен байланысы бар деп айыптауда
Америка президенті Хиллари Клинтон мен оның жақтастарының Ресей Федерациясымен байланысы бар, алайда бұл мәселеге аса көңіл бөлінбей отырғандығын айтады
Бұл жайында Д.Трамп 30 сәуірде болған CBS телекомпаниясына берген сұхбатында айтты.
- Менің білуімше, Клинтонның сайлау алды штабының басшысы Джон Подестаның Ресейде компаниясы бар. Хилларидің жолдасы, яғни Билл Клинтон Ресей құн төлеу жөнінде сөз сөйлеген, ал Хиллардің өзі Ресеймен уран өндіру жөнінде келісімге келген болатын. Алайда бұл туралы ешкім жақ ашып айтып отырған жоқ, - деді АҚШ Президенті.
Сонымен қатар, Трамп «FBI неліктен Подеста мен оның жақтастарының серверін тексеруге келгенде мүдірді» деп сұрақ қояды.
- Оларды серверінің шабуылға ұшырағандығы жайында хабар таратты. Алайда неге демократтар FBI-ға серверді тексеруге рұқсат бермеді? Олар неге ондай шешім қабылдады? Ал неліктен FBI олардың бұл шешіміне қарсы шықпады? – деп атап өтеді Трамп.
Айта кетейік, 6 қаңтар күні ЦРУ мен FBI және АҚШ ұлттық қауіпсіздік агентігі 2016 жылғы АҚШ сайлауына Ресей билігінің әсер еткендігін мәлімдеген болатын.
Следующая →