Ресейлік Оренбург орталығында алты киіз үй тігілді
Оренбург облысындағы Ақтобе облысы күндері аясында ақтөбеліктер қала орталығына этноқалашық орнатты
Оренбургта өтіп жатқан шаралар өңірлердің ары қарай ынтымақтасуы үшін бірыңғай мүдделер аясын кеңейтуге тағы бір қадам жасайды, сонымен қатар Орынбор тұрғындарына мәдени ерекшеліктер мен өңірдегі бизнесті жүргізу ерекшеліктерін танытады, деп хабарлайды «Қазақстан-2050» мемлекеттік бағдарлама сайты.
Қазіргі уақытта Орынбор облысында 120 мыңнан астам этникалық қазақтар өмір сүреді. Аталмыш сарындағы іс-шара жергілікті тұрғындардың үлкен қызығушылығын тударады.
Ақтөбе облысы күндері Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрындағы қазақ труппасының «Махаббат мұңы» спектаклімен басталды. Ю. Гагарин атындағы алаңда 6 киіз үйден тұратын этноқалашық тұрғызылды. Сонымен қатар бұл жерде ақтөбелік ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі, қазақ тілін үйретуден шеберлік сағаттары, халықтық қолөнер, білім және денсаулық салаларының дөңгелек үстелдері өткізіліп, Ақтөбелік «Арбатта» орынборлықтар тәжірибелі суретшілердің туындысымен қоса, ұнаған жұмыстарын сатып ала алатын болады.
Ақтөбе мен Орынбор облысының ресми делегацияларының, екі өңірдің басшыларының кездесуі барысында бірқатар келісімшарттарға қол қойылады деп жоспарлануда. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Орынбор облысының губернаторы Юрий Бергі мемлекеттік биліктің атқарушы орнандары әрекеттерін координациялау механизмі туралы шекаралық ынтымқтастық және Орынбор облысы мен Ақтобе облысының өзара әрекеттестігіне байланысты меморандумға қол қояды.