Путин мен Трамптың кездесуі мамыр айның соңында өтуі мүмкін
Ресей президенті мен американдық әріптесі Дональд Трамптың бірінші кездесуі мамыр айының соңында өтуі мүмкін
Болжам бойынша Дональд Трамп НАТО саммитіне қатысу үшін Брюссельде және G7 саммитіне Таорминде 25-27 мамыр аралығында болады деген болжам бар. Бұдан кейін АҚШ президенті ресейлік әріптесі баратын үшінші елдердің біріне «секіріп» кетуі мүмкін.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, екі ел жетекшілерінің кездесуі 12 сәуір күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерстонның Мәскеуге сапарынан кейін тиянақты жоспарлана бастаған.
Мұнымен қоса ресейлік ақпарат көзі Кремль мен Ақ үй өкілдері В. Путин мен Д. Трамптың кездесу күні мен орны «бірде бір рет үзіліп көрмеген».
Көптеген жұмыстар РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков пен бірқатар жоғары лауазымды диломаттар желісімен атқарылды, - дейді басылым.
Оның айтуынша, келіссөз үрдісі РФ-на қатысты американдық санкцияларды күшейтуге, АҚШ-тың сириялық әуебазасына жүргізген ракета соққысына қарамастан бұзылып көрмеген.
Следующая →