Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

26 сәуірге арналған әлемдік таңғы жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге де салалардағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

ҚХР өзі шығаран әуетасымалдаушыны суға жіберді
Жаңа кеме Қытай ТӘК қызметіндегі екінші әуетасығыш болып табылады, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі
Қытайдың екінші әуетасушысы 26 сәуіркүні Далянь портында суға жіберілді, - дейді хабарландыруда.

Салтанатты рәсімге Орталық әскери кеңес төрағасының орынбасары Фань Чанлун қатысты. Дәстүр бойынша лента кесілгеннен кейін шампан бөтелкесі шағылды.
Қытайдың бірінші және өз өндірісімен жасалған әуетасушысына арналған құрылыс жұмыстары 2013 жылдың 11 қарашасында басталған болатын. Кеме ұзындығы – 315 метр, ені – 75 метр, салмағы 70 мың тонна. Оның бортына 36 «Цзянь-15» жойғыш ұшақтары сыяды.
 
Трамп Канадамен сауда соғысына дайындық туралы мәлімдеме айтты
 
Бұл туралы Дональд Трамп Ақ үйде американдық фермерлермен кездесуі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Independent.
Олар (канадалықтар) Құрама Штаттармен үлкен пайда көріп отыр. Олар артықшылық көріп отырғанда, мен ештеңеден қорықпаймын. АҚШ-тың үлкен сауда жетіспеушіліг бар. Еліміздің мұндай сауда қалыптылығынан кемшілік көріп отырғанымыздан қорықпаймын, - деді Трамп.
 
Түркия ЕО мүшелігіне қатысты сұрақты қайта қарауы мүмкін

Еуродаққа Түркия мүшелігі туралы сұрақ созыла бергені Анкараның бұл ойдан бас тартуына алып келуі мүмкін.

Эрдоғанның айтуынша, Анкара одаққа кіру қадамын қайта қарауы мүмкін, себебі Еуропа елдерінің кейьірі Түркияға жау ретінде қарайды, ал Брюссель ЕО мүшелік мүмкіндігі сұрағын созып келеді.
Ол келіссөздің 54 жылға созылып келе жатқанына наразылық білдіріп, ЕО мүшелігіне кіру сұрағының жалпыұлттық референдумге шығарылуы мүмкін екенін айтты.

Ұлыбритания өз халқына сұрақ қойды, олар ЕО-дан шығуға дауыс берді. Енді олар байсалды және менімді түрде болашаққа жылжып келеді. Бұл Норвегияда да болған, - деді Эрдоған, «мұның Түркияда да болуы мүмкін» екенін айта келе.

Эрдоғанның пікірінше, Түркия Еуродақты күшейте түседі.
Одақты күшейту үшін Түркия сияқты ел керек. Өзге сенімдегі өзге ел қажет. Бірақ ЕО мүшелерінің мұны түсінетін жайы жоқ сияқты. Оларға Түркия сияқты мұсылман елін қабылдау соншалықты қиын, - деді ол.
 
Доминиканда қатты селге байланысты 17 мың адам көшірілді

Доминикан республикасында қатты нөсерге байланысты 17 мыңнан астам адам көшірілді. Қатты нөсер бұл елде бірнеше күн жалғасып келеді. Тасқын салдарынан 3 мыңға жуық нысан зардап шекті, 9 көпір бұзылып, 60 тан астам жергілікті мекен әлемнен үзіліп қалды.
32 провинцияның төртеуінде қызыл, яғни ең жоғарғы қауіп деңгейі белгіленді. Метеоролгтардың болжауынша жаңбыр ең азы әлі бір тәулік жалғасады.
 
Жапонияда Дарт Вейдердің алтын дулығасы 1,4 миллион долларға сатылады

Жапонияда «Жұлдыздар айқасы» киносагасының батыры Дарт Вейдердің алтын дулығасы сатылымға қойылды. Ginza Tanaka зергерлік компаниясымен дайындалған бас киімнің бағасы 1,4 миллион долларға бағалануда, деп хабарлайды AFP.
15 киллограмдық дулыға «Жұлдыздар айқасы» фильмінің бірінші сериясының шыққанына 40 жыл толуына жасалды. Оны 4 мамыр күні сатып алуға болады.

Компания сонымен қатар құны 1200 ден 11 мың АҚШ долларына бағаланатын арнайы жасалған алтын тиындар шығаруда жоспарлауда.
 
Следующая →