Қазақстан мен Катар қарым-қатынасын нығайтпақ
2017 жылдың 23 сәуірінде Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахмановтың Катарға сапары өтті
ҚР Сыртқы істер министрінің сайты хабарлағандай, Дохада Қазақстанның сыртқы саясат мекемесін Катар Мемлекетінің эмирі шейх Тамим бен Хамад Аль-Тани қабылдады.
2017 жылдың 10-11 қыркүйегінде Қазақстан астанасында ғылым мен технология бойынша Ислам ынтымақтастығы ұйымының бірінші саммиті өтеді. Абдрахманов эмирге Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке шақыруын жеткізіп, Катардың ислам мемлекеті мен одан тыс жерде осы салаға қосып отырған маңызды үлесін атап өтті.
Осыған байланысты кездесу барысында Катардың «жасыл экономика» технологиясын дамыту аясындағы тәжірибесін есепке ала отырып, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмеге катар жағының қатысу дайындығы тақырыбы көтерілді.
Екі жақ қазақстандық-катарлық барлық бағыттағы ынтымақтастықтағы оң динамиканы атай отырып, екіжақты қарым-қатынастың мүддесі мен жағдайын талқылады.
Әңгімелесушілер халықаралық күн тәртібіндегі тақырыптарды қызығушылықпен талқылады. Оның ішінде Сирия жағдайы, Астана үрдісі мен оған араб әлемі елдерін, оның ішінде Катарды да тарта отырып қатысушылар құрамын кеңейту мүмкіндігі туралы айтылды. Министр Эмирді Қазақстанның БҰҰ мүшілгінің негізгі мүддесі туралы ақпараттандырды.
Катарлық әріптесі Мухаммед бен Абдрахман Аль-Танимен болған келіссөз барысында Қазақстанның сыртқы саясат мекемесінің басшысы 2014 жылдың қаңтарындағы Эмирдің Астанаға сапары барысында және Президент Н. Назарбаевтың 2015 жылдың қазанындағы Дохаға сапарында болған келісімшарттардың көпшілігі жүзеге асқанын, екі жақты ынтымақтастықтың іске аса бастағандығы байқалатынын жеткізді.
Өркениетаралық сындарлы пікірталастың маңызын ескере атай келе әңгімелесушілер экстремистік идеологияны таратуға қарсы болу және терроризммен күрес жолындағы халықаралық әлеуеттің үйлесімділігі талқыланды.
Екі жақ барлық бағыт бойынша серіктестікті күшейту ниетін білдірді, оның ішіне сауда және көлік-логистикалық бағыт та кіреді.
Следующая →