Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

24 сәуірге арналған таңғы жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика және өзге салалардағы маңызды жаңалықтар тізіміне шолу жасады

Трамп өз көрсеткіштерінің төмендігіне БАҚ өкілдерін айыптады

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әрекеттеріне сауалнама жасаған Твиттерді сынға алып, американдықтар арасында оны қолдау көрсеткіштерінің төмендігіне БАҚ өкілдерін айыптады

Бүгінгі жаңа сауалнама нәтижелері өте жақсы, егер есепке алатын болсақ көптеген БАҚ – жасанды және негативті ұстанымда. Берілген дауыстардың саны бойынша Хиллариді бұрынғыдай жеңіп шығар едім, - деп жазады Трамп.

Естеріңізге саламыз, қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама бойынша американдықтардың жартысынан көбі АҚШ президентінің әрекетін қолдамайды.

Парижде сайлауға наразылық басталды

Франциядағы президент сайлауының бірінші қорытындысы шыға салысымен Париж орталығында наразылық шеруі басталып кетті. Бастилия алаңындағы көлік қозғалысы толыққанды жабылды. Ұлттық фронт кандидаты Марин Ле Пеннің екінші айналымға шыққанына басталған бейбіт наразылық біртіндеп солтүстік және фашистікке қарсы ұйымдар өкілдерінің полициямен қақтығысуына айналды.

Полицияның жас шығаратын газ бен түтін шашкаларын пайдаланғаны расталды. Бірнеше рет таяқ та пайдаланған. Полициямен болған қақтығыстан жоқ дегенде бір адам жарақат алған. Ол есінен танып қалғандықтан ауруханаға жеткізілді.

КХДР жуық арада алтыншы ядролық сынақ өткізуі мүмкін

Солтүстік Корея жаңа ядролық сынақ өткізу дайындығын іске қосты. Алтыншы ядролық сынақ 25 сәуір мен 9 мамыр аралығындағы кезеңде өтуі мүмкін.

Бұл күндер тегіннен аталмаған. Яғни, 25 мамыр күні Пхеньянда Корей халықтық әскерінің құрылғанына бір жыл толады, ал 9 мамыр күні Оңтүстік Кореяда уақытынан бұрын өтетін сайлау ұйымдастырылады. Мамандардың айтуынша, сынақ кез-келген уақытта өтуі мүмкін, әскерилер КХДР астанасынан қол сілтелгенін ғана күтуде.

Ереванда геноцид құрбандарын еске алу бойынша шырағдан шеруі өтті

Акцияға қатысушылар Түркияның армян геноциді фактісін мойындап, жасаған қылмыстарына өкінуін сұрады. Қатысушылар қолдарына шырағдан мен шырақ алып Циценкабердуге жаяу жылжи берді – 1,5 миллион қаза тапқан адамдарға жағылған мәңгілік алау тұрған жазықсыз геноцид құрбандарының мемориал. Шеруді Арарат Патриарх епархиясының мүшелері бастады.

Біздің жастардың Цицернакабердуге қандай белсенділікпен келе жатқанын сіздер көріп тұрсыздар. Бұл күні шіркеудің халықпен бірге болуы аса маңызды. Бұл ғасырлар бойы болған және жалғаса береді, - деп өтті әке Петрос Майлян.

Мен 13-ші рет қатысып отырмын. Геноцид барысыда жанұям тегіс қырылды, тек үш туысқан ғана қалды. Біз бүгін әлемнен 1915 жылғы армяндар геноцидін мойындауын тағы талап етеміз және Түркиядан өтемақы талап етеміз. Себебі бұл ХХ ғасырдың ең үлкен қылмысы болды, дейді шеруге қатысушы Анна Варданян.

Арменяда 24 сәуір – Оман Түркиясындағы 1915 жылы армяндар геноцидін еске алу күні. Армян халқының жаппай қырылуын ондаған елдер мойындаған.

Колумбияда ресейлік қарауылшы жасақтың қару-жарағын тартып алып, тұтқыннан қашты

Ресей мен Арменияның азаматы Колумбия Ұлттық азат ету әскері көтерілісшілері қарауылшысының қаруын тартып алып, 5 күзетшіні жаралап, тұтқынынан қашып шықты.

Деректер бойынша, тұтқынды босатуға дайындаған болатын, алайда тасымал барысында ол қарауыл басшысына шабуыл жасап, қаруын тартып алып, бес күзетшіні жарақаттаған.

Бұдан кейін өз жаралы болса да қашып үлгерген. Қарауыл жасағының хабарлауынша оның есімі Арсен Восканян.

Бөлім жаралыларды ертіп кетіп қалған. Боастуға алып келе жатқан азаматтың қазіргі жағдайы белгісіз, - дейді хабарландыруда.

Следующая →