Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстан мен Тәжікстанның стратегиялық серіктестігі туралы келісімшарт күшіне енді

Қазақстан және Тәжікстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен Сироджиддин Аслов екі ел арасындағы стратегиялық келісімге қатысты ратификация грамоталарымен алмасты  

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Асловпен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ сайты.

«Қазақстан 2015 жылғы 14 қыркүйекте президенттер Нұрсұлтан Назарбаев және Эмомали Рахмон қол қойған Стратегиялық әріптестік туралы шартқа толықтай сәйкес Тәжікстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге көзделген», - деді Қ. Әбдірахманов. Ол Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде тұрақты емес мүшесі ретінде өзекті басымдықтарының бірі - Орталық Азияның мүдделерін жаһандық деңгейде ілгерілету болып табылатын атап өтті.

Тараптар кездесу барысында Қазақстан-Тәжік ынтымақтастығы мәселелерінің кең ауқымы бойынша егжей-тегжейлі консультациялар өткізді.

С. Аслов атап өткендей, Қазақстан ТМД елдері арасында Тәжікстанмен сыртқы сауда айналымы бойынша екінші орын алады. 2016 жылы өзара сауданың көлемі 670 миллион АҚШ долларын құрады. Дегенмен, тараптардың пікірі бойынша, айтарлықтай іске асырылмаған әлеует әлі де бар.

Осыған орай, министрлер бірлескен инвестициялық жобаларына, электр қуатын жеткізу келешегіне, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа, көліктік транзитке ерекше көңіл аударуға келісті. Орталық Азиядағы су ресурастарын тиімді пайдалану, қауіпсіздік саласындағы ахуал, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық қатынастар мәселелері қоғалды.

Министрлер келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы және Тәжікстан Республикасы арасында Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау жөніндегі грамоталармен алмасу рәсімін өткізді. Осылайша, аталған шарт өз күшіне енді. 

Следующая →