АҚШ Солтүстік Кореяның ракеталарын қағып отырмақ
БАҚ ақпараты бойынша, Пентагон мамыр айында КХДР ұшақтарын қағып алатын екі оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізбек
АҚШ әскерилері сынақ кезінде КХДР ракеталарын қағу әрекеттерін қарастырып жатыр. Сол арқылы олар Пхеньянға өздерінің күшін көрсетпекші, деп жазады The Guardian.
Солтүстік Кореяның ракеталар сынағына қатысты жағдай ушығып тұрғандықтар Пентагон денуклеаризация мәселесінде елге әсер ету жолдарын іздеуде.
АҚШ-тың қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Конгерессті осы мәселеге қатысты ақпараттандырды, алайда әзірге Солтүстік Кореяның ракеталарын қағып алу шешімі нақты қабылданған жоқ.
Осыған дейін БҰҰ жанындағы АҚШ тұрақты өкілі Никки Хейли журналистерге КХДР-ге АҚШ-пен қақтығысудың қажеті жоқ екендігін айтқан.