Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Британ министрі Ресейдің әлі дұрыс жолға түсе алатынын айтып өтті
Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің басшысы Борис Джонсон Ресейді «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) террористік ұйымына қарсы батыс коалициясының күресіне қосылуға шақырды.
Британ СІМ басшысының айтуынша, Мәскеу ИМ-мен соғысу үшін 60 елдің басын біріктірген коалицияға қосылып, Сириядағы стратегиялық әлеуетін АҚШ президенті Дональд Трамппен бірлескен ұтымды жеңіс үшін сақтай алар еді.
Джонсонның пікірінше, Ресей бұл үшін Сириядағы атысты тоқтату туралы міндетті артып, химиялық қаруды пайдалануды тоқтата отырып, Асадтың қанішерлігінен сириның азат етіп саяси реттеуге келе алар еді.
Ресейдің әлі түзу жолға түсетін мүмкіндігі бар, - деп қорытындылады Джонсон.
Министр сонымен қатар Сирия президенті Башар Асадты «архитеррорист» деп атап, Ұлыбритания мен одақтас күштер «кінәлілерді әскери қылмысқа айыптау үшін» дәлеледер жинайтынын айтты.