Жапония тек сутегімен жүретін автокөліктерді ғана шығаруға көңіл қоюда
Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ ел экономикасы сутегіні өндіру мен сатуға негізделуі қажет деп мәлімдеді
Аталмыш мәселе Токио қаласында өткен жаңа энергетикалық көздерді өндіру мәселесі талқыланған жиналыста көтерілген. Жиналысқа министерлік мен ведомства өкілдері де қатысты.
Сутегені пайдаланатын әлемдегі бірден-бір мемлекет болу Жапонияның алдағы міндеттерінің бірі екендігін премьер-министр ерекше атап өтті. Премьер-министрдің айтуынша, бір жыл бойы үкімет аталмыш бағытта жұмыс жасаудың стратегиясын жасақтап шықпақ.
2020 жылға дейін Жапонияда сутегі отынымен жүретін 40 мыңға жуық жеңіл автокөлік пен автобус жасап шығару жоспарланып отыр. Жағармай батариясы сутегіні ауадағы оттегімен әрекеттестіре отырып энергия бөледі, ал бұл энергия қозғалылтқышты іске қосады. Ал атмосфераға тек зиянсыз су буы ғана бөлінеді.
Ал 2030 жылға дейін сутегімен жүретін көліктер санын 800 мыңға дейін жеткізу көзделіп отыр. Мұндай көліктердің бағасы да арзан болады. Бастапқы баға 18 мың АҚШ долларына мөлшерленіп отыр.
Следующая →
Тақырыптар:
Премьер-министр Японии Синдзо Абэ Перестройка экономики Японии Автомобили работающие на водороде