Өскемен
малооблачно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +27°
  • Ақтөбе
    +33°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +32°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +29°
  • Қостанай
    +30°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +25°
  • Петропавловск
    +29°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +29°
  • Шымкент
    +31°
$
450.79
482.21
¥
62.14
5.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

11 сәуірге арналған таңғы жаңалықтар реті

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саяси, экономикалық және басқа салалардағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

АҚШ «әлемдік полиция» рөлінен бас тартты

Әлем бойынша жүгіріп жүретін, әлемдік полиция рөлін атқармаймыз, - деді Ақ үйде. АҚШ президенті Дональд Трамптың әлемдік саясаттағы доктринасы «Америка бәрінен биік!» ұранына сай келіп отыр.

Бұл туралы баспасөз-конференция барысында Ақ үйдің баспасөз қызметкері Шон Спайсер хабарлады. Біз ұлттық әлеуетіміздің қауіпсіздігін қалыптастыруды көздейміз және ұлттық қауіпсіздік пен экономика аясындағы әлеуетті жетістігіміз үшін барлығын істейміз. Жер жаһанды шапқылап жүретін әлемдік полиция рөлін біз атқармаймыз. Қандай әрекетке жүгінсек те, нақты ұлттық әлеуетімізді көздейміз, - деді Спайсер.

АҚШ-та шатақ шықты: жолаушыны ұшақтан күштеп шығарды

Әлеуметтік желіде United Airlines әуе компаниясының ұшақ салонынан жолушыны Чикаго әуежайының күзетшілері күштеп шығарған бейнебаян тарап кетті. United Airlines әуе компаниясы ұшаққа билетті қажетті мөлшерінен артық сатып қойған.

Компания қосымша экипаждағы төрт адамға орын таппай қалған. United Airlines 800 доллар өтемақы ұсынған, алайда жолаушылардың ешқайсысы бұл сомаға келіспеген.

Осыдан кейін кездейсоқ төрт адамды шығарып жіберу керек деген шешім қабылданған. Төрт адамның бірі дәрігер екенін айтып, Луисвиллға пациентін тексеру үшін ұшу керек екенін дәлелге келтіріп, ұшақтан түсуден бас тартқан. Нәтижесінде экипаж күзетшілерге көмекке келген.

Күзет ер адамды орнынан жұлқып, есінен танғанына да қарамаған.

The New York Times Путин туралы мақалалары үшін Пулицер сыйақысына ие болды

Нью-Йорктағы Колумбия университетінде жыл сайын музыка, әдебиет және журналистикадағы жетістіктері үшін марапатталатын Пулицер сыйақысының лауреаттары жарияланды. Халықаралық журналистика саласындағы марапатқа президент Владимир Путин туралы мақалалары үшін The New York Times газеті ие болды. Халықаралық журналистика бойынша Пулицер сыйақысына The New York Times қызметкерлерін ұсыну, оның Владимир Путин туралы мақалалары соңғы сәттерде жоғары маңызға ие бола бастаған.

Бұл тақырып өте маңызды болғандықтан, оған үлкен мән берілді, - дейді Пулитцер сыйақысының ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Майкл Прайд.

Фарнцияның солтүстігінде босқындар лагері өртенді

Тілсіз жау Францияның солтүстігіндегі Гранд-Сент коммунасында орналасқан босқындар лагерін жалмады. Өрт ошағы бірнеше километрден байқалды. Өрт кешке таман ауған және күрд босқындарының арасындағы қырық пышақ жанжалдан кейін шыққан.

Қарсылық барысында жанжалдасқандардың арасына полиция килігіп, босқындарға қарсы жас шығаратын газ бен таяқ пайдаланған. Бес адам жарақат алды.

Лагерде Ла-Маншты асып, Ұлыбритания шекарасына өтемін деген 1,5 мың ауған және күрд босқындары мекен етеді.

Айта кету керек, босқындардың аялдамасы ағаш үйшіктерден жасалған, нәтижесінде өрт бірден жалмаған.

АҚШ, Канада және Мексика футболдан 2026-ӘЧ қабылдағысы келеді

АҚШ, Канада және Мексика футбол федерациялары бұрынғыдай 32 командадан емес, 48 командадан тұратын жаңа сызба бойынша әлемде бірінші рет өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізу арызын бірлесіп өткізеді, деп хабарлайды Канада Футбол федерациясының баспасөз-қызметі.

Естеріңізге саламыз, айналым 2018 жылы Ресейде өтеді, ал 2022 жылы Катарда климаттық жағдайға байланысты тарихта бірінші рет күзде және қыста өтетін болады.

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ағымдағы жылдың қаңтар айында қатысушылар санының өскенін растады.

Енді финалды айналымда әрқайсысында үш командадан 16 топ қатысатын болды. Осыған дейін АҚШ әлем чемпионатын 1994 жылы өткізсе, Мексика 1986 жылы өткізген.

Следующая →