Өскемен
облачно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +7°
  • Астана
    -13°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -14°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +9°
$
511.22
-1.78
540.05
-1.11
¥
70.61
-0.14
4.73
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

Ақ үй басшылары Ливияны үш бөлікке бөлуді ұсынды

БАҚ құралдары оның алдында да хабарлағандай, Дональд Трамптың көмекшісінің орынбасары Ливияны үш бөлікке бөлуді ұсынған болатын. Президент өзінің қызметіне кіріспей тұрып-ақ аталмыш ұсыныс айтылып үлгерген болатын

АҚШ президенті көмекшісінің орынбасары Себастьян Горка жоғары шенді еуропалық дипломаттармен кездесу кезінде Ливияны үш бөлікке бөлуді ұсынған. Оның ойынша, бұл өзгеріс аймақтағы жағдайды қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

Аталмыш ұсынысты Горка президенттік сайлаудың аяқталған, алайда АҚШ президентігіне сайланған Д. Трамптың әлі өз қызметіне кірісе қоймаған сәтінде айтқан болатын. Горка өз ұсынысын дипломаттармен әңгіме барысында айтып, дастархандағы қағаз майлыққа Ливияның бөлінген территориясын сызып көрсеткен. Алайда бұл дерек әлі де анықталу үстінде. Горканың бұл мәлімдемесін естіген екінші тарап бұған сыни көзқараспен қарап, аталмыш бөліністің Ливиядағы жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін екендігі жайында тұжырым жасаған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта С. Горканың Президенттің Ливия мәселелері жөніндегі өкілі болып тағайындалуы талқыланып жатыр. Алайда әзірше, мұндай өкілетті қызмет Вашингтон билігіне қажет емес.

Следующая →