Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

Оңтүстік Осетия тұрғындары Республика атауын өзгертуге қарсы емес

Оңтүстік Осетия тұрғындарына жүргізілген сауалнама нәтижесінде Алания Мемлекеті деген атауды жергілікті халықтың қолдайтындығы белгілі болды

Еxit poll мәліметтеріне сүйенсек, мемлекет атауын өзгерту жөніндегі референдумда Оңтүстік Осетия (Грузияға қарасты аймақ) тұрғындарының көпшілігі Алания Мемлекеті деген атауға дауыс берген. Сайлаушылар сауалнамасы әлеуметтану сараптамасы Академиясының оңтүстік осетиялық автономды коммерциялық емес ұйымында жүргізілген әрі сауалнамаға 2981 адам қатысқан. Сайлаушылардың 81,5% аталмыш бастаманы қолдаған, ал 18,5% қарсы дауыс берген. Республика атауын өзгертуге қатысты референдуммен қатар 9 сәуірде Оңтүстік Осетияда президенттік сайлау өтті. Еxit poll сауалнама жүйесінің мәліметтеріне сүйенсек, сауалнамаға қатысқандардың 45,8% қазіргі мемлекет басшысы Леонид Тибиловті қолдаса, 36,9% тұрғындары Анатолий Бибиловқа дауыс берген. Заңнамаға сәйкес, ендігі кезекте сауалнаманың екінші кезеңі болуы тиіс. Еске сала кетейік, 2017 жылы «республика» ретінде мойындалмаған Оңтүстік Осетия аймағында «ел» президенті сайланғаннан кейін референдум өткізу арқылы Ресейге қосу мәселесі жоспарланып отыр.
Следующая →