Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +17°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +18°
$
521.53
-0.37
601.01
+7.51
¥
71.55
+0.08
6.43
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

Эстония консерваторлары Еуропалық Одаққа мүшелік ету жайындағы жаңа референдум өткізуді талап етіп отыр

Эстониялық оппозиционерлер билікті Еурокомиссияның қолына шоғырландыру ұлттың өмір сүруі мен сақталуына қауіп төндіреді деп дабыл қағуда

Эстония Консервативті халық партиясының (ЭКХП) мүшелері 9 сәуірде болған съезде Эстония Республикасының Еуропалық Одақ мүшелегіне өтуіне қатысты жаңа референдум өткізу керектігін айтты.

Ұлттық оппозициялық партияның Эстония парламентіне өткізген мәлімдемесінде «біз Еуропалық Одақ аймақтарында болып жатқан оқиғаларды жіті бақылап отырмыз әрі мемлекеттік билікті Еуропалық комиссияның қолына шоғырландыруды одан әрі жалғастыра беретін болсақ, біздің ұлттық өмір сүру жағдайымызға қауіп төндіретіндігін анықтап отырмыз» деп айтылған.

Консерваторлар егер ЕО мемлекеттік қауіпсіздік мәселесін өзінің қолына алатын болса немесе одақ құлайтындай жағдай туса, еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне үлкен қауіп-қатер төндіретіндігін хабарлады.

Консерваторлардың ойынша, Еуропалық Одақтың «жүргізіп отырған ашықтық саясаты негізінде жаппай эммиграция мен исламизация процестерін тоқтатпауы, толеранттылық саясатын ұстанып гомосексуальдық идеологияны насихаттауы, салық пен бюджет мәселелерін орталықтандырылған шешімдер бойынша жүзеге асыру, дотацияның бюрократиялық және корруптивті жүйелері арқылы шалғайдағы аймақтарға ықпал етуді күшейтуі» эстон халқына ешқандай пайда әкелмейді.

Конверваторлар Эстонияның қорғаныс ісі мәселелері Еуропалық Одаққа енген әрі бір жүйеге бағынған 27 мемлекеттің шешімдеріне тәуелді болып қала ма деп ойлайды.

«Әскери қақтығыстар басталған сәтте бірден қарсылық таныта алмаймыз, өзге елдердің – француздардың, немістердің, гректердің, испандықтардың нұсқаулығын күтуге тура келеді», – деп мәлімдеді парламент.

«Одақта орын алып отырған интеграциялық үрдістердің қарқын алуы Эстонияның Еуропалық Одақ мүшелігіне өту жөніндегі референдумды өткізу кезек күттірмейтін мәселе деп ойлаймыз», – деді консерваторлар.
Следующая →