Әлем Әлем Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

10 сәуірге арналған таңғы жаңалықтар тізімі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ аясына түскен саяси, экономикалық және өзге де маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Ресейлік ӘТК белсенділігі Қырғм қабақ соғысы кезінен де күшті – НАТО адмиралы

Еуропадағы және Африкадағы НАТО ӘТК күштерінің қолбасшысы, адмирал Мишель Ховард егер НАТО мүшелері РФ-ны назарынан шығарып, тек өздерінің көздегендерін орындай берсе қате болатынын мәлімдеді.

Бір қазір тіпті Кеңес Одағы кезінде болмаған белсенділікті көріп отырмыз. Бұл айтқысыз белсенділік, - дейді Ховард.

Мысал ретінде адмирал ресейлік Адмирал Кузнецов әуетасығышын Жерорта теңізіне көшіруді, солтүстік Атлантика мен Арктика өңіріндегі патруль санының өсімін, ресей сүңгуір қайықтарының белгіленген жерден артық көшуін келтірді. Сонымен қатар Қара теңізде де сүңгуірлер пайда болған.

АҚШ полициясы Трампқа сес көрсеткен ер азаматты іздестіруде

Висконсин штатында белгісіз біреу қару дүкенін тонап, Ақ үйдегі ел президентінің атына сес көрсетіп жазған хатын тастап, іс түссіз жоғалып кеткен. Полицияның ақпаратынша, ер адам қаруланған әрі қауіпті.

Бейнебақылау жазбаларының арқасында, құқыққорғаушылар қылмыскердің 32 жасар Джозеф Якубовский екенін анықтаған. Оны іздестіру жұмысына 150 полиция мен федералды деңгейдегі қызметкерлер жұмылдырылды. Ер адамды табуға көмектескендерге 10 мың АҚШ доллар көлемінде марапат бұйырады.

Полиция хабарлағандай, ер адам бірқатар қарулар ұрлаған, арасында мылтық та бар, кетерде көлігін өртеп кеткен.

Латвиядағы әскери дайындық барысында американдық солдаттар зардап шекті

Латвиядағы Адажск әскери алаңында үш американдық жауынгер зардап шекті. Бұл туралы елдің қорғаныс министрі Каспар Галкинге сілтеме жасай отырып, Postimees басылымы хабарлады.

Галкиннің хабарлауынша, жауынгерлер дайындық барысындағы буға тұншыққан. Зардап шеккендер "Гайльезерс" ауруханасына жеткізілді.

Тексеруден кейін екеуі әскери базаға қайтып оралған, біреу медицина мекемесіде қалды.

АҚШ-та әкесі мен баласы ит үшін атысқан

Жергілікті БАҚ өкілдері хабарлағандай, ер адамдар итті серуендетуге бола тайталасқан. Оқиға Чикагода жексенбі күні таңертең орын алған. Ұрсыстың түбі атысқа ұласқан. Әкесі мен баласы қолдарына қару алып, бір-біріне оқ жаудырған.

Атыс нәтижесінде екеуі де көптеген жарақат алып, 22 жасар жігіт қайтыс болса, 43 жасар ер адам ауруханада, хал үстінде жатыр.

Ағылшын кеңес танкісінен алтын құймаларын тапты

The Sun басылымында жарияланғандай, ағылшын колекционері eBay арқылы сатып алған кеңестік Т-54 танкісінің жанармай багінен айлтын құймаларын тапқан.

150 әскери техникалар коллекциясының қатарын толықтырған Ник Мид танкіні 30 мың фунт стерлингке (2 миллион рубль) сатып алған. Механик Тодд Чемберленмен бірге ішінде қару қалмасын деген ниетпен машинаны бұза бастап, жанармай багын ашқанда 5 алтын құймасын тапқан. Олардың құны мөлшерімен екі миллион стерлингті құрайды (140 миллион рубль).

Мидтің пайымдауынша, алтынды 1990-91 жылдары Персид шығанағында болған соғыс кезінде Кувейтте тонаумен айналысқан ирактықтар жасырған. Кейін танкты басып алып, Ұлыбританияға жеткізген.

Не істерімізді білмедік. Айырбастау бекетіне бес алтын құймасын жайдан-жай апара алмайсың, сондықтан полицияға хабарластық, - дейді Чемберлен. Полиция куәлік қалдырып, алтынды алып кеткен.

Билік алтын құймаларын Лондонға көшіру туралы шешім қабылдады. Жергілікті полиция басқармаысы пікір беруден бас тартты. «Енді, алтынды қайтармаса да, танк бәрібір өзімде қалады», деп мәлімдеді Мид.

 

Следующая →