АҚШ Бас хатшысы Сириядағы химиялық шабуылға байланысты РФ-ға қатаң мәлімдеме айтты
Рекс Тиллерстонның айтуынша, Ресей мен Иран химиялық қарудың салдарынан қаза тапқан Сирияның бейбіт тұрғындарына үлкен «моральды жауапкершілік артады»
Ол Ресей мен Иранды бейбіт келісім қағидаларын сақтап, химиялық шабуылдардың алдын алу үшін Сирия президенті Башар Асадқа деген үлкен «ықпалдарын пайдалансын» деп шақырды.
- Біз аталмыш қасіретті шабуылдың қайталанбауы үшін, Ресей мен Иранды Сирия режиміне ықпалын пайдаланса деген шақыруды қайталап айтамыз. Астанада қабылданған келісімнің егеменді кепілі ретінде, Ресей мен Иран бұл өлімдерге үлкен моральды жауапкершілік артады, - деп мәлімдеді Тиллерстон.
- Бұл қасіретті жағдайларды бақылауда ұстасақ та, Башар Асадтың қалай әрекет ететіні түсінікті – ашық түрде қатігез айуандылық, - деді ол.
- Оны қолдап отырған Ресей мен Иран да Асад пен оның ниетіне бола ермеуі керек. Химиялық қаруды өз еліне шабуыл жасауға пайдаланған кез келген адам тәртіпке немқұрайлы қарағаны үшін жауап беруі керек, - деді бас хатшы.
CNN ақпараты бойынша, Идлиб провинциясының Хан Шейхун қаласында жауынгерлер пайдаланған химиялық шабуылдан ең азы 70 адам қаза тапқан, сонымен қоса мұның ішінде 10 бала бар. Жергілікті белсендіге сілтеме жасай отырып, телеарна ол жерде әуе шабуылы болып, нәтижесінде «улы газ» тарағанын хабарлаған.