Венесуэла Жоғарғы соты парламент уәкілетін қайтарды
Венесуэланың бас прокуроры Луиса Ортега Жоғарғы соттың қаулысын конституцияның бұзылғаны деп таныды
Венесуэланың Жоғарғы соты оппозиция бақылауындағы ел парламентін уәкілетінен айырып, заңнамалық қызмет бекіту туралы даулы қаулысын қайта қарады. Бұл Венесуэла президенті Николас Мадуроның жетекшілігімен өткен Қорғаныс кеңесінің кризистік отырысынан кейін болды.
Соттың мемлекеттік қызмет органы қызметін иелендіріп, парламент депутаттарын иммунитеттін айыру туралы қаулысы «мемлекеттік биліктің тұрақтылығы мен институционалды тепе-теңдігінен айырады» дейді кеңестің мәлімдемесінде. Ал Маударо болса, парламент шешімімен ұйымдастырылған дағдарыс бітті және сот оны қалыпқа келтіретінін жеткізді.
Өз кезегінде Венесуэланың бас прокуроры Луиса Ортега Жоғарғы соттың қаулысы конституцияның бұзылғаны деп тапты. «Бұл конституциялық тәртіптің бұзылғаны. Менің міндетім елге терең алаңдағанымды жеткізу», - деді Ортега. Оның сөздері жоғары лауазымды шенеунік үшін өте өткір болды және басқарушы социалистердің негізгі одақтасы болып табылатыны бар.