Иванка Трамп пен күйеуінің табыстары белгілі болды
Ақ үй қызметкерлерінің табыстары жайлы ақпараттардың жариялануын этикалық талаптар міндеттейді
35 жастағы Иванка Трамп пен күйеуі Джаред Кушнер құны 740 млн долларға бағаланатын активтерді иеленеді. Бұл туралы Дональд Джаредті өзінің аға кеңесшісі етіп тағайындағаннан кейін белгілі болды. Ал Ақ үй қызметкерлерінің табыстары жайлы ақпараттардың жариялануын этикалық талаптар міндеттейді.
Осы сомадан президенттің қызы иеленетін киім және парфюмерия өндірісі негізіндегі бизнестің құны 50 млн долларды құрайды. Trump International Hotel-де оның үлесі 5-25 млн долларға бағаланады. Иванканың өзі жақында ғана Ақ үйдің қызметкері атанғандықтан табыстары жайлы ақпараттарды әлі жарияламады.
Ал Кушнердің декларациясы 54 бетті құрайды. Ол құжаттарда Кушнер мен Иванканың 2016 жыл мен 2017 жылдың жарты бөлігіндегі табысы 195 млн долларды құрағандығы көрсетілген.
Следующая →