Ұлыбритания ЕО мүшелігінен «шығу механизмін» қосты
Ел премьер-министрі Тереза Мэй Еуроодақ басшыларына одақтан шығу туралы баян ететіні туралы Лиссабон келісімшартының 50 бабын қосу хатына қол қойды
Ұлыбританияның одақтан шығу үрдісі екі жылға созылады деген болжам бар.
- Brexit іске қосылғаннан кейін Еурокомиссияның келіссөз мандаты мен келіссөздің негізгі бөлімдеріне 27 ел өз ұстанымдарын белгілейді. Д. Туск (Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Туск) іс жүзеге аса бастағаннан кейін екі күн ішінде барлығы біліне бастайды деген пікірде. Біз тезірек келіссөзге көшкіміз келеді, - дейді британ премьерінің өкілі Джеймс Слэк.
Корольдік ЕО мүшелігінен 50 млрд стерлинг көлеміндегі төлемді аяқтаған соң ғана шыға алады. Бұл сомаға Лондон осыған дейін қаржыландыруға келіскен жобалардың құны кіреді.