Оңтүстік Корея прокуратурасы Пак Кын Хені қамауға алуды талап етуде
Оңтүстік Корея сотына елдің бұрынғы президенті Пак Кын Хені қамауға алу туралы ордер сұрау бағытталды
- Қазір көптеген айғақтар жиналды, бірақ күдікті барлық айыптауларды мойындамай отыр, кейбір айғақтардың көзін құртты деген нұсқа бар. Оның қамауға алынуын жүзеге асырмасақ әділетсіз болады, себебі оның сыбайласы Чхве Сун Силь, сөзіне ерген шенеуніктер, пара бергендер, барлығы ұсталды, - дейді прокуратурада.
Осыған дейін, прокуратураның одан жауап алғаны айтылған болатын.
2016 жылдың желтоқсанында Пак кын Хенің сыбайлас жемқорлыққа, қызметін асыра пайдаланғандығына импичмент жарияланған болатын. Кейін Конституциялық сот қызметінен босатты. Уақытынан бұрын өтетін президент сайлауы мамыр айына белгіленген.