Қарулы оппозициясының делегациясы «Астана-4» келіссөзіне қатысу мүмкіндігіне шек келтірмеді
Қарулы оппозиция тобының өкілдері Сирия бойынша Астанадағы келіссөздерге қатысуға шек келтірмейді
«Астана-4 келіссөзіне қатысу туралы шешім қабылданған жоқ. Алайда Дамаск бақылауындағы күштер бейбітшілік сақтайтын болса, бейбіт жергілікті мекендерді бомбалауды тоқтатса, неге қабылдамасқа. Қарулы оппозиция өкілдері бұрынғы құрамда келуге дайын болады», - деді ол.
Оның айтуынша, өзге жағдайлар туындаса «егер бейбітшілік сақталмаса, айтатын ештеңе қалмайды, - бейбітшілік – шешуші сәтт».
Оппозиция өкілі, Тәуелсіз сирия әскерінің полковнигі Фарес аль-Бабеш 14 наурызда хабарлағандай, Сирия қарулы оппозициясының «Астана-3» келіссөзіне келмеу себебін ресейлік ӘӘК-нің Сирияның бейбіт тұрғындарына соққы беруі деп түсіндірген.
«Ресеймен ашық болғымыз келді, алайда Мәскеу қарсы қадамға бармады, - деп атап өтті.
РФ СІМ басшысы Сергей Лавров сириялық қарулы оппозициясының Астанаға келмеу себебін негізсіз деп тапқан болатын.
«Қорғаныс министрлігіндегі әріптестерімізбен соңғы жаңалықтар бойынша жұмыс істеудеміз. Қврулы оппозициясы Астанадағы келіссөздің кезекті раундына қатысудан бас тартқан, бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған себептері негізсіз», - деді С. Лавров.