Венесуэладағы аштық үкіметке дағдарыс жариялатты
Венесуэла Ұлттық ассамблеясы ашқтыққа байланысты елдегі гуманитарлы дағдарыс туралы қарарды қабылдады
Парламент төрағасы Хулио Борхес елдегі шынайы апаттық жағдайды үкімет жасыруға тырысуда деп баяндады.
- үкімет гуманитарлы салаға төтенше жағдай жарияласа әлдеқайда саналы болар еді, бірақ ол шындықты жасырып, өндірісті құлатуға тырыспақ, - деді.
Парламентарии министрлер кабинетінен Венесуэладағы аштықты, кедейшілік мәселелерін шешу үшін елге шетелдік көмек келетін арнайы каналдарды ашсын деген талап қойды.
Былтырғы жылдың ақпанында Ұлттық ассамблея да елде дағдарыс жариялаған. Елдегі қиын жағдай соңғы екі жылда білініп келеді: Венесуэлада жоқшылық, инфляция және мемлекеттік кірістің төмендеуі мұнай бағасының төмендеуімен байланысты. Іс жағдайы саяси дағдарыспен ушығуда: республика президенті социалист Никола Мадуро, ал парламенттегі көп орын оппозицияға тиесілі.