Еуропарламент Марин Ле Пенді депутаттық тиіспеушіліктен айырды
Еуропарламент депутаттары «Ұлттық фронт» жетекшісі Марин Ле Пеннен «эксремизм мен зорлық-зомбылықты насихаттау» айыбына байланысты депутаттық тиіспеушіліктен айыруға дауыс берді
Ле Пенді депутаттық тиіспеушіліктен екі жыл бұрын орын алған оқиғиға байланысты айырды. 2015 жылдың желтоқсанында ол «Твиттерде» «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) жауынгерлерінің тұтқындарды жазалау суреттерін жариялаған болатын. Бұл оқиға Франция президентін сайлау алдында қоғамның есіне қайтадан түсті. Бірінші айналым 23 сәуірде өтетін болады. Соңғы сауалнамаларға сүйенсек, жетекші кандидат болып Ле Пен келеді, оның артынан аздаған көрсеткішпен «На марше» қозғалысының жетекшісі Эмманюэль Макрон келеді.
Следующая →
Тақырыптар:
Кандидат в президенты Франции Марин Ле Пен Партия "Национальный фронт" во Франции Правительство Франции