Өскемен
малооблачно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Сергей Кузнецов
Ақпарат көзі:
Устинка

Солтүстіккорея жетекшісінің ағасының өліміне қатысты тағы бір күдікті ұсталды

Малайзия полициясы Ким Чен Намның өліміне қатысты екінші күдіктінің ұсталғаны туралы хабарлады

Күдікті әйел Куала-Лумпур әуежайындағы KLIA2 бюджеттік әуежелісінің терминалында ұсталды. Оқиғаның өзге жайттары хабарланбады.

Ким Чен Намның өлімі туралы (солтүстіккорея жетекшісінің ағасы) жуықта 14 ақпан күні белгілі болған. «Ренхап» Оңтүстік Корея агенттігі ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, оның малайзиялық Куала-Лумпур әуежайында қайтыс болғанын хабарлаған. Кейіннен бұл ақпаратты Малайзия полициясы растады.

Chosun телеарнасы хабарлағандай, Ким Чен Нам уланған инелермен шабуылдаған екі белгісіз әйелдің қолынан қаза тапқан. Телеарна ақпараты бойынша, Малайзия полициясы болған оқиғаның астарында Пхеньян тұр деген пікірде.

Оңтүстіккорея арнайы қызметкерлері де Ким Чен Намның өліміне екі әйелді күдікті етуде. Сеулде бұл әйелдерді Солтүстік Корея агенттері деп болжауда.

Ким Чен Нам Ким Чен Ынның бір қанды ағасы болып келген. Ол КХДР бұрынғы жетекшісі Ким Чен Ир мен актриса Сон Хе Римнің үлкен ұлы. 2001 жылы жапондық Диснейлендке жалған құжатпен кіріп кетпек болғандықтан Ким Чен Нам Солтүстік Кореядан қуылып, Қытайда өмір сүріп келген.

Следующая →
Тақырыптар: Смерть Ким Чен Нама